10 қыркүйек 2018 ж.

ASTORIA – сатылым басталды!

Сезімі мен қалауына шек қоймайтын, сән-салтанат пен әрбір детальдың мінсіздігін бағалайтындар үшін BAZIS-A ASTORIA тұрғын үй кешенінің бірінші кезегінің сатылымы басталғанын хабарлайды! Бұл – Елорданың дәл жүрегіндегі еркіндік пен өмірге деген құштарлықтың мекені!

ASTORIA тұрғын үй кешені елорданың іскерлік және мәдени орталығында - Astana Opera мемлекеттік театрының қарсысында, Сарайшық көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында орналасқан. Жаяу екі минуттық жерде Hilton Garden Inn Astana қонақүйі, Канада елшілігі мен «Сары Арқа» СОО тұр. Бірер аттам жерде «Хан Шатыр» СОО мен ғашықтар Саябағы орын тепкен. ASTORIA-дан Дөңгелек алаңға, «Бәйтерек» монументіне және қаланың басқа да кез-келген тұсына тез жете аласыз.

Амбициялық жоба өн бойына қарқынды дамып жатқан мегаполистің – табыстылар мен атақтылар, талғампаздар мен ықпалдылар, сәнқойлар мен еркіндікті қалайтындар, барлық жаңа атаулыға дайындар мен ашықтар бағындыратын қаланың ең үздік қырларын сіңірген. ASTORIA-ның архитектуралық тұжырымдамасы – ар-деко мен постмодерн стильдерінің қайта қорытылған нәзік эклектикасы. Бұл идея тұрғын үй кешенінің сәнді лоббилерінде де жалғасын табады. Бағалы материалдар лобби кеңістігінің силуэтін ұтымды айқындап тұр, ал сәнді аксессуарлар салтанаттылық образы мен ерекше мәртебені толықтырады. Биіктігі 5 метр төбе мен еденнен төбеге дейін созылатын үлкен терезелер қатты әсер қалдырады, көпдеңгейлі жарық беру мен жеңіл қара графикасы бар жарық едендер кеңістіктің пропорцияларын кеңейтеді.

ASTORIA-ның ішінде «шегі жоқ үй» атты ерекше клубтық инфрақұрылым түзіледі. Сіздің құзырыңызда — отбасылық мерекелер мен іскерлік кездесулер өткізуге арналған жайлы да сәнді lounge-room, заманауи фитнес-орталық, балаларыңыз уақытын көңілді өткізетін kids point ойын алаңы.

ASTORIA-ның подиум-стилобатында жасылдандырылған, демалыс аумақтары мен серуендеуге арналған алаңдары бар ландшафтты дизайн жобаланған. Мұнда балалардың ойын алаңдары, спорт алаңдары, street workout, серуендеу аллеялары секілді таза ауада серуен құруға қажеттінің бәрі бар.

ASTORIA-дағы 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлердің барлығы ойлағандарыңыздың бәрін іске асырып, жайлылықта өмір сүретіндей етіп жоспарланған. Біз бұл жағын ойластырдық. Ендігі кезек сіздерде — кеңістікті ішкі әлеміңізге сай эстетикамен толтыру ғана қалды.