6 маусым 2018 ж.

BAZIS-A – Қазақстандағы №1 құрылыс салушы (тәуелсіз рейтинг)

Қазақстандық NUR.kz порталы сауалнама жүргізіп,  Қазақстандағы құрылыс компаниялары мен құрылыс салушылардың сенімділігінің рейтингін жасады. Тәуелсіз рейтингтің мәліметі бойынша, қазақстандықтар BAZIS-A компаниясына көбірек сенім артады.

Бірінші орын BAZIS-A компаниясына бірнеше өлшем бойынша беріліп отыр. Дауыс берудің қорытындысы бойынша қазақстандықтар құрылыс компаниясын таңдау кезіндегі ең маңызды көрсеткіш ретінде оның сот ісіне қатысы болмауы мен тұрғын үй құрылысына кепілдік беру Қоры кепілдігінің иегері болуын атады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы BAZIS-A компаниясының Алматыдағы «ЛЕГЕНДА» ерекше орамы (http://legenda.kz/) мен Астанадағы Millennium Park тұрғын үй кешені (http://mpark.kz/) секілді екі бірдей тұрғын үй кешені ТҚКҚ тарапынан алғаш болып қолдауға ие болды.

Сенімділік пен салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің сапасының кепілі ретінде сондай-ақ, әкімдіктің Астанадағы Barcelona, Millennium Park, «Австрия орамы» тұрғын үй кешендері; Алматыдағы Remizovka, ELEMENT, «Акварель» отбасылық орамы, «Алмалы» тұрғын ауданы тұрғын үй кешендеріне қаражат тартуға берген рұқсаты да оң ықпал етті.

BAZIS-A қазақстандықтарға сенімі мен таңдауы үшін алғыс білдіреді және таяу уақыттың өзінде бірнеше жаңа жоба ұсынады. Жаңалықтардан хабардар болып отырыңыздар!