27 қазан 2017 ж.

BAZIS-A – сенімді құрылыс салушы

Үлескерлік құрылыс қатысушыларының уайымдамауына болады – BAZIS-A Корпорациясының тұрғын үй кешендері рұқсат пен үлескерлердің салымының сақталуын және құрылыстың уақытында аяқталуын қамтамасыз ететін кепілдікке ие болды.

Осындай рұқсат алған жобалардың бірі – оңтүстік астананың Алатау ауданындағы Almaty Arena мұз Сарайының қарсысында орналасқан «Алмалы» тұрғын ауданы. Тұрғын ауданның ыңғайлы орналасауы мен дамыған инфрақұрылымы, сондай-ақ пәтерлерді бастапқы және ақтық әрлеуімен қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігі келешек тұрғындардың көңілінен шығатындығы анық.

Тағы бір жоба – Алматының Бостандық ауданында сәнді eco-style тұжырымдамасымен салынған Remizovka Private Residences  тұрғын үй кешені . Бай архитектура, экологиялық материалдар, жеке комьюнити-орталық, фитнес-клуб, жабық бассейні бар SPA-аймақ және «шарбақ» түрінде салынған бақшалардың қоршауындағы ашық аспан астындағы ойын-сауық орталығы – осының барлығы саналы өмір салтын ұстанушыларға арналған.

Астанада Barcelona, Millennium Park және «Италия орамы» тұрғын үй кешендеріне үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат берілді.

Бұған қоса, BAZIS-A Корпорациясы Алматыдағы «ЛЕГЕНДА» ерекше орамы мен Астанадағы Millennium Park тұрғын үй кешеніне тұрғын үй құрылысына кепілдік беру Қорының кепілдігін алған алғашқы компания. Дәл осының арқасында Millennium Park-тің 100 пәтері ҚТҚЖБ желісі бойынша ипотекаға сатылды, баспана иелері қоныс тойын 2018 жылдың ақпанында тойлайды!

Сенімді әрі сыннан өткен құрылыс салушының қызметіне жүгініңіз – BAZIS-A-ға хабарласыңыз.