22 қараша 2018 ж.

BAZIS-A – уақыт сынынан өткен бренд

Дәстүр бойынша жылдың соңында қорытынды жасалады. 2018 жыл да бұдан тыс қалған жоқ. 20 қарашада Алматыдағы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Жыл Адамы – жыл Таңдауы» атты жыл сайынғы ұлттық фестиваль-байқау өтті.

Аталған шара кештің лауреттары мен қонақтарына осымен 19-шы рет шуақты мереке сыйлап, ұсынылған номинацияллар бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Халықтық дауыс беру қорытындысы бойынша «2018 жылғы Қазақстандағы №1 құрылыс компаниясы» номинациясын BAZIS-A компаниялар тобына кіретін BAZIS Construction құрылыс компаниясы иеленді. Құрылыс ауқымы мен іске асырылған жобалардың саны осыған дәлел. 11 500 000-нан астам шаршы метр, 8 000 жоғары

білікті қызметкер – мақтанатындай жөніміз бар! Бұл, сөз жоқ, командалық жұмыстың нәтижесі.

Биыл BAZIS-A 15-ші мәрте «№1 құрылыс компаниясы» номинациясында көшбасшы болып отыр. Қазақстандықтар тек құрылыс сапасын ғана емес, сонымен қатар, BAZIS-A қалыптастырып жатқан жаңа өмір салтын да жоғары бағалайды. Біз қолдауы мен сенімі үшін қазақстандықтарға алғысымызды білдіреміз!

Биылғы жылы жүзеге асырылған жобаларды да атап өткен жөн. Алматыда BAZIS Construction Құлжа тракті мен Рысқұлов даңғылындағы айналма жол құрылысын жалғастырып жатыр, Н.Назарбаев даңғылын қайта қалпына келтіріп, жасылдандырды, БҰҰ жаңа ғимаратын өте қысқа мерзімде қайта қалпына келтірді. Сексеуілді (Қызылорда облысы) темір жол стансасында коттеджді қалашық салынуда, сондай-ақ, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмыстары атқарылуда.

Бүгінде Алматыда ORION, Remizovka, «Легенда», ELEMENT, «Акварель», «Алмалы», «Jazz-квартал» тұрғын үй кешендері салынуда. Астанада ASTORIA, MERIDIAN, «Австрия орамы», Millennium Park, «Ақ-Дидар» тұрғын үй кешендері бой көтеруде.

Таяу уақытта оңтүстік астана тұрғындарына METROPOLE мен Riviera, Астанада Amsterdam және Landmark тұрғын үй кешендері мен тағы бірнеше жаңа нысан ұсынылмақ. Маңызды жаңалықтарға құлақ түре жүріңіздер – сайт пен әлеуметтік желілер жарияланымдарынан көз жазбаңыз.