19 шілде 2018 ж.

BAZIS-A компаниясынан 7-20-25 бойынша пәтер сатып алыңыздар!

Жаңа 7-20-25 ипотекалық тұрғын үй несиелендіру бағдарламасы жұмыс істей бастады. BAZIS-A тұрғын үй кешендерінен пәтер алудың бірегей мүмкіндігін пайдаланыңыз – 7-20-25 бағдарламасының тиімді шарттары сізді арманыңызға жақындата түседі:

* бастапқы жарна – пәтер құнының 20%-і;

* сыйақының проценттік мөлшерлемесі (ЖТСМ) – жылдық 7%;

* қарызды қайтару мерзімі – 25 жылға дейін;

* банкке жүгінген сәтте қарыз алушының меншігінде баспананың болмауы;

* пәтердің бағасы 25 млн теңгеден аспауы тиіс.

Пәтерді қандай тұрғын үй кешендерінен ала аласыз? «Алмалы» тұрғын ауданы, Алматы. Almaty Arena-ның қарсысында, Б. Момышұлы көшесінің бойында орналасқан. Пәтерлердің бағасы – 8,3 млн теңгеден басталады. Сіздің таңдауыңызға – бастапқы және ақтық әрлеуі бар аумағы 34 пен 73 м2 аралығындағы дайын 1, 2, 3 бөлмелі пәтерлер ұсынылады. Millennium Park тұрғын үй кешені, Астана. Еліміздің бас алаңында – Тәуелсіздік алаңында, Қ. Аманжолов көшесінде орналасқан. Пәтерлердің бағасы – 12,9 млн теңгеден басталады. Сіздің таңдауыңызға аумағы 40 пен 82 м2 аралығындағы бастапқы әрлеуі бар дайын 1, 2, 3 бөлмелі пәтерлер ұсынылады. «Ақ Дидар» тұрғын ауданы, Астана. Хусейн бен Талал мен Керей және Жәнібек хандар көшелерінің ортасында, «Барыс Арена» мұзды сарайының батыс тұсында орналасқан. Пәтерлердің бағасы – 9,7 млн теңгеден басталады. Сіздің таңдауыңызға бастапқы әрлеуімен аумағы 35 пен 73 м2 аралығындағы дайын 1, 2, 3 бөлмелі пәтерлер ұсынылады.

Сонымен қатар, енді сізге ыңғайлы болу үшін BAZIS-A компаниясының сату кеңселерінде кредиттік менеджерлер жұмыс істейді. Олар сіздерді 7-20-25 ипотекалық бағдарламасының шарттарымен таныстырып, өмірдегі ең маңызды шешімдердің бірін қабылдауыңызға көмектеседі. Банкке баруға уақыт жоғалтпаңыз! Пәтерді таңдаңыз да біржола ипотека туралы кеңес алыңыз!

Біз сіздерге жұмыс істейміз!