3 мамыр 2018 ж.

BAZIS-A туы астында

Қазақстанның мотоциклмен 150 елді аралап шыққан атақты байкері – Дмитрий Петрухин BAZIS-A туын алып «Бірге жасап, бірге жеңеміз!» ұранымен кезекті мотосаяхатқа шықты.

BAZIS-A ұжымы қазірдің өзінде ондаған жыл Дмитрий Ивановичпен ынтымақтасып келеді. Жасау жане жеңу атты ортақ идеясы бар біздің аты аңызға айналған дуэт әрқайсысы өз саласында еліміздің игілігі жолында көптеген іс тындырды.

Бұл жолы Дмитрий Петрухин мотошеруге ерекше миссиямен жол тартып отыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтан Қазақстанның Азия елдеріндегі танымалдығын арттыру туралы тапсырма алған ол Қазақстан Республикасындағы ішкі туризмді дамытуға шақырады және өзге елдердің латын қарпіне өтудегі тәжірибесімен бөліседі.

BAZIS-А компаниясы келешегінен көп үміт күттіретін бұл сапарға қолдау көрсетеді. Биыл оны біздің Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург және Ташкенттегі әріптестеріміз күтіп алады.

Мотошеру 13 сәуір күні Q бизнес-орталығынан бастау алды. Байкердің командасын шығарып салуға келген холдинг қызметкерлері аты аңызға айналған тұлғамен бірге фотосуретке түсіп, ұмытылмас әсерге бөленді.

Дмитрий Иванович, бүкіл ұжым болып Сізге ақ жол, жаңа әсерлер мен өзіңізден әлеуметтік желілерде күтетін қызықты репортаждар тілейміз!

Алға, Қазақстан! Алға, BAZIS-A! Жаңа жеңістер мен жаңа биіктерге!