14 тамыз 2018 ж.

BAZIS-A ұжымы құрылысшы Күнін атап өтті

Қымбатты достар, әріптестер!

Сіздерді құрылысшы Күнімен құттықтаймыз! Архитекторлар, жобалаушылар, инженерлер, құрылысшылар, құрылыс материалдарын өндірушілер секілді түрлі кәсіп иелерін жасампаз болу мен болашақты салу атты мәуелі міндет жолында біріктіретін біздің мамандығымыз орынды құрметке лайық.

Сізге шығармашылық табыс, амандық пен мықты денсаулық тілеуге рұқсат етіңіз! Әрбір кәсіби мерекеміз биылғыдай көңілді, жарқын және спорттық тұрғыда өткей!

Корпоративтік мереке табиғат аясында, Almaty Resort шипажайының табиғаты әсем аумағында өтті. Мерекенің көрігін көңілді би қыздырды, мұнан соң тартысты жарыс басталды. Ең қызықтысы, командалар аяқ астынан кездейсоқ құрылды. Бір командадан табылған әртүрлі департаменттің қызметкерлерін жеңіске деген ұмтылыс біріктірді. Спорттық сайыста олар асқан ептілік пен тапқырлық танытты, күрделі тапсырмалар, бас қатырғыштар мен ребустарды уақыт оздырмай шешіп отырды. Командалардың әділ сайысында көшбасшылар айқындалды, алайда, нәтижесінде бірауыздан бағалы сыйлықты теңдей балл жинаған екі командаға бөлу туралы шешім қабылданды. Анығында, кез-келген командалық жарыстағыдай достық жеңді!

Тимбилдинг бағдарламасын қызықты шаралар толықтырды. Кез-келген қатысушы өз күшін акройога, шахмат, үстел ойындарында байқап көре алды.

Тартысты спорт марафонынан соң барлық ойыншы мен жанкүйерлерді мерекелік түскі ас күтіп тұрды. Тамаша корпоративтік мереке біз үшін қуаныш пен бақыт сезімі, командалық рух пен сауығымен ұзақ уақыт есте қалады.

Мейрам күні құттықтаулар айтылып, үздік қызметкерлер жетістіктері үшін құрмет грамоталарымен марапатталды.