2 маусым 2018 ж.

«BAZIS-A-мен бірге көңілді балалық шақ»

Алматыда 1 маусым күні балаларды қорғау Күніне орай «Нұрлы Тау» аумағында «BAZIS-A-мен бірге көңілді балалық шақ» атты ғажайып жазғы мереке өтті.

Ойын-сауық бағдарламасы көптеген қызықты ойындар, байқаулар мен сыйлықтардан тұрды. Көңілді аниматорлар – перизат пен сайқымазақтар балалардың көңілін көтерді. Балалар батуттарда секіріп, «балық» аулады, ойнады, осынау күнге және өздерінің сүйікті асы – балмұздаққа қуанды.

Астанада көңілді мереке Millennium Park тұрғын үй кешенінің аумағында өтті. Сиқырлы фокустар,ойындар, түрлі түске боялған кішкентай паровозбен саяхат, дәмді балмұздақ пен мұзкәмпиттер, балақандардың жүздеріндегі ерекше аква-грим – осынау керемет мейрам балалардың ұзақ уақыт есінде қалатыны даусыз!

«BAZIS-A-мен бірге көңілді балалық шақ» мерекесі жоғары деңгейде өтті! Балаларымыз қашанда осындай көңілді, білімқұмар, қуанышты, белсенді және дені сау болғай!