14 қараша 2018 ж.

BAZIS- A Corp. – уақыт сынынан өткен сенімді құрылыс салушы

Бастапқы нарықтан баспана сатып алар кезде қазақстандықтар тәуелсіз рейтингтерді саралай отырып құрылыс салушының сенімділігін мұқият зерттейді. BAZIS- A Corp. кезекті рет Nur.kz жүргізген халықтық сауалнаманың көшбасшысы болып, №1 сенімді құрылыс салушы мәртебесін тағы да дәлелдеді.

Сауалнама төмендегідей өлшемдер бойынша жүргізілді:

* Пайдалануға берілген баспананың саны, салынып жатқан нысандар;

* Мерзімі өткен қарыздардың болмауы (айыппұлдар, өсімпұлдар), соңғы жылы қанша салық төленді;

* «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру Қоры» АҚ кепілдігін алу тәжірибесі;

* 1 немесе 2 дәрежелі лицензияның болуы;

* Ел бойынша нарықты қамтуы;

* Жұмыс тәжірибесі.

Мәлім болғанындай, қазақстандықтар үлескерлік құрылысқа қатысу кезінде ТҚКҚ (Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру Қоры) кепілінің болуын ең маңызды өлшем санайды. Басқаша айтқанда, үлескерлер қандай жағдай болмасын нысан салынып, пайдалануға 100% берілетініне кепілдік алады.

BAZIS компаниялар Тобына кіретін BAZIS-A Corp. 27 жыл бойы тұрғын үй және әкімшілік мақсаттағы нысандарды ҚР заңдарына сәйкес салып келеді. Компанияның сатылымдағы барлық тұрғын үй нысандарының Тұрғын үй Құрылысын Кепілдендіру Қоры немесе жергілікті атқарушы органдар үлескерлердің қаражатын тартуға берген рұқсаты бар. Басқа өлшемдердің арасынан респонденттер проблемалық нысандардың болмауы және Астана мен Алматы аумағында тұрғын үй кешендерінің молдығын BAZIS-A Corp. беделінің көрсеткіштері деп таниды.

Бізге көрсеткен сенімі мен таңдауы үшін қазақстандықтарға алғысымызды білдіреміз!