25 қазан 2018 ж.

«BAZIS Construction» ЖШС БҰҰ жаңа ғимаратын қайта қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады

«BAZIS Construction» ЖШС БҰҰ Алматыдағы жаңа ғимаратын қайта қалпына келтіру жұмыстарын өте қысқа мерзімде (4 ай) аяқтап, оның салтанатты ашылуын 24 қазанда тойланатын Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Халықаралық күніне орайластырды.

Нысанның ауқымды қайта қалпына келтіру жұмыстары қауіпсіздікке қатысты қойылатын ең жоғарғы халықаралық талаптар ескеріле отырып жасалды. БҰҰ резиденциясын салу мен қайта қалпына келтіруге 4 ай уақыт кетті, 2 728 кәсіби жұмысшы тартылды. Салынған аумақтың жалпы көлемі 0,64 га – мұнда екідеңгейлі ыңғайлы жерасты паркингі мен авторлық ландшафтты дизайнмен жасалған демалыс орындары бар.

БҰҰ жаңа үйі Алматының іскерлік орталығында, Ботаника саябағы мен «Атакент» халықаралық көрме орталығының жанында орын тепкен. Хай-тек стилімен салынған ғимараттың архитектурасы нысанның ерекшелігі мен маңыздылығын айғақтайды.

Аумағы 28 348 м² болатын кешен екі ғимараттан тұрады. Оның бірінде БҰҰ өкілдігі орналасады, екіншісінде әкімшілік блок орын тебеді. Сонымен бірге, қызметшілерге ыңғайлы болуы үшін мұнда:

- Үлкен конференц-зал;

- Заманауи кеңселер мен open space кеңістіктер;

- Асхана;

- Әр қабатта мини-асханалар;

- Йогаға арналған бөлмелері бар жеке фитнес-орталық;

- Ана мен бала бөлмесі

қарастырылған.

2019 жылдың қаңтарынан бастап мұнда барлық халықаралық агенттіктердің өкілдіктері көшіп келеді.

Оңтүстік астана әкімі Бауыржан Байбек БҰҰ жаңа ғиимаратын халықаралық агенттіктер мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өкілдеріне салтанатты түрде таныстырды.

Олардың пікірінше, БҰҰ жаңа үйі Алматы архитектурасының ең заманауи әрі әсем нысандарының бірі болады. ЮНИСЕФ-тің Орта Азия мен Еуропа бойынша аймақтық директоры Афшан Хан да осы пікірде.

«Ғимарат - өте заманауи, әсем, жайлы әрі қауіпсіз. Мұнда БҰҰ 19 агенттігі мен өкілдіктері бір шатырдың астында жұмыс істейтін болады. Осылайша, Қазақстанда БҰҰ жаңа үйі салынды. Бұл біздің ынтымақтастығымызды нығайтатын болады. Сонымен қатар, кеңсенің бізге берілген үлкен аумағы ұйымның жұмысына көмектесіп қана қоймайды, сонымен бірге, халықты көбірек тартуға септесетін болады. Мәселен, жастарды. Олар келешектің күн тәртібін қалыптастырудағы біздің мақсатты бағытымыз. Сондықтан, бұл ғимараттың салынуы мен оның пайдалануға берілуі Қазақстанның бейбітшілікті нығайтудағы ең үлкен сыйлығы болып табылады», - деп атап өтті ол.