8 ақпан 2019 ж.

Bazis Construction Түркістанда музей құрылысын бастады

16 қаңтарда Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи музейінің іргетасын қалау салтанатты рәсімі өтті.  Осынау айтулы уақиғаға премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мәмин, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік Қоры» АҚ басқармасының Төрағасы Болатхан Сандықбаев және BAZIS Construction өкілдері қатысты.

Музей қаланың әкімшілік-іскерлік орталығында орналасады, аумағы 3 000 м2 болады, 100-ден астам адам жұмыспен қамтылады.

Музейдің салынуы өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуына серпін беріп қана қоймай, сонымен қатар, қаланың көркіне көрік қосатын болады.  

Құрылысты келесі жылдың соңында аяқтау жоспарланған. Музей құрылысымен қатар Қожа Ахмет Яссауи кесенесін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік-маңызды нысандар құрылысы – Түркістан облысы дамуындағы басым бағыттардың бірі. Жақында мұнда облыстық әкімшілік ғимараты, көпқабатты тұрғын үй кешендері, театр, кітапхана, мектептер, балабақшалар, стадион, емхана, саябақ және басқа да әлеуметтік нысандар бой көтереді.