16 ақпан 2017 ж.

FISU президенті Универсиада нысандарының сапасына жоғары баға берді

FISU президенті Олег Васильевич Матыцин ұйымдастырушыларға Универсиаданы жоғары деңгейде өткізгені үшін, ал, «Базис» және «Элитстрой» компанияларына спорт нысандары құрылысының жоғары сапасы үшін алғысын білдірді.

- Бұл Универсиада Алматыда өткен 28-Халықаралық қысқы студенттік ойындарға келушілердің барлығы үшін нағыз мереке болды. Біз мемлекет басшысының бұл жарысқа үлкен көңіл бөлетінін көрдік, бұл елде спорт пен білім беруді дамыту арқылы келешек ұрпақ қамы жасалуда. Қазақстан Дүниежүзілік студенттік ойындарды ең жоғары деңгейде өткізді, – деді университеттік спорттың Халықаралық федерациясының (FISU) президенті Олег Матыцин.

Сондай-ақ, Олег Васильевич Универсиаданың барлық дайындық кезеңдері мен өткізу шараларының жақсы ұйымдастырылғанын және спорт нысандары құрылысы сапасының жоғары екендігін бөле-жара атап өтті. FISU өкілдері құрылыс барысында спорт нысандарын бірнеше мәрте көрген болатын. Теп-тегіс жерде көптеген шетелдік спорт нысандарынан ешбір кем емес, қайсыбір тұстарда асып түсетін ғаламат спорт ғимараттары олардың көз алдарында өсті деуге болады.

Мәселен, Алматыдағы Атлетикалық ауыл Олимпиада ауылдарына ұқсас етіп Дүниежүзілік қысқы студенттік ойындар ұйымдастырылуы барысында тұңғыш рет салынды. Атлетикалық ауыл кешені 23 гектардан астам аумақты алып жатыр және 8, 9 және 14 қабатты тұрғын үй блоктары мен пирамида түрінде салынған операциялық аймақтан тұрады. Онда ұйымдастыру комитеті, көпшілік тамақтандыру кәсіпорындары мен ұлттық аспаптар музейі орналасқан. Сонымен бірге, тұрғын үй ғимараттарының ішін бойлай тұрғын емес жайлар орналасқан, Онда монша, дүкен, фитнес-орталық, пошта бөлімшесі секілді тұтас инфрақұрылым нысандары кешені, бір сөбен айтқанда, спортшылардың жайлы өмір сүруі мен демалуына қажеттінің барлығы орналасқан. Алдын-ала белгіленген қысқа мерзім мен ғимараттың күрделі архитектуралық шешіміне қарамастан құрылыс уақытынан бұрын аяқталды (көрсетілген мерзімнен екі ай бұрын).

Әрине, құрылыста болған комиссия мүшелері макетті де, құрылыс барысын да көрді, алайда, толық дайын болған Атлетикалық ауыл барлық қатысушылар мен қонақтарға үлкен әсер қалдырды. Мұзды арена ғимараты да осылай болды. Сондықтан, Олег Васильевич «Базис» және «Элитстрой» компанияларына құрылысты сапалы жүргізгені үшін және нысандарды мерзімінен бұрын тапсырғандары үшін алғыс білдірді. Ақпарат көзі: forbes.kz