13 қыркүйек 2018 ж.

MERIDIAN – сатылым басталды!

BAZIS-A Астанадағы жаңа сәнді жарқын жоба MERIDIAN-ның сатылымы басталғанын хабарлайды! MERIDIAN тұрғын үй кешені өзіне оңтайлы орналасу мен өзгеше архитектурадан бастап подиум-стилобаттағы саябақ аумағы мен пәтерлердің мінсіз ойластырылған жоспарлық шешімдеріне дейінгі сапалы өмірдің барлық артықшылықтарын біріктірген.

MERIDIAN елорданың ең таңдаулы, экологиялық таза аудандарының бірінде, Сығанақ көшесінің бойында, Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарының ортасында орын тепкен. Кешеннің орналасқан жері қозғалыс пен орын таңдауда мобильді және еркін болуыңызға мүмкіндік береді. Тұрғын үй кешенінің терезелерінен Астананың Astana Marriott Hotel, Нұр Астана мешіті, «Хан Шатыр» СОО, Дөңгелек алаң секілді айтулы нысандары көрінеді.

MERIDIAN көз тартады! Таза сызықтар, ұғынықты формалар, екі үйдің (16 және 19 қабатты) табиғи түсті қасбеттері, шыны мен металлдың жарқылы. Бұл микрокосмоста кешкі уақыттағы атмосфералық жарық берумен күшейтілген ерекше тартымдылық бар.

Үйлер бір-бірімен подиум-стилобатпен жалғасқан. Онда қаланың шуылы мен даланың желінен қорғалған оңаша қауіпсіз аула-саябақ орналасқан. Мұнда әдемі жаппада достардың ортасында кешті қызықты өткізуге, жаттығу құралдарында жаттығып немесе футбол ойнап уақытты спортқа арнауға болады. Балаларыңызға балалар алаңдарының ұнайтыны сөзсіз, себебі мұнда сырғанақтар, әткеншектер мен спорттық ойын кешендері секілді көңілді ойындарға қажеттінің бәрі бар. Балаларға алаңдамаңыз: автокөліктердің жабық аулаға кіруіне тиым салынған.

Таңдаулы үйлер әсем лоббиден басталады. Сондықтан да MERIDIAN-да қоғамдық кеңістіктерге ерекше көңіл бөлінген. Авторлық дизайн, материалдардағы актуальды трендтер мен декор детальдарының бірегейлігі, еденге дейін түсетін үлкен терезелер мен биік төбелер – әрбір деталь Сіздің жаңа үйіңіздің қайталанбастығын айғақтайды.

MERIDIAN-да пәтер таңдау арқылы шаршы метрлерді емес, өмірдің белгілі-бір деңгейін сатып аласыз. Аумағы 60,5м2 мен 129,6 м2 аралығындағы кең де жарық 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлер ең батыл интерьерлік шешімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

MERIDIAN тұрғын үй кешені – бұл Сіздің бақытты өміріңіздің жаңа мекені!