9 наурыз 2017 ж.

RemizovkaPrivateResidences: күйзелісті рахатқа айырбаста!

Мүмкіндігі мол мегаполис арбайды да, елітеді де. Белсенділер мен амбициялылар табысқа қол жеткізіп, бас айналдырар мансап жасап, өмірдің бар рахатына малынсам деген үмітпен еліміздің түкпір түкпірінен Алматыға келеді. Көбінің қолы бұл арманға жетіп те жатыр. Өмірін басқаша құрып жатқандар да бар, мегаполистің үнемі уақыт жетпей жүретін күні кешегі белсенді тұрғыны қаладан алыста, бірақ өзімен өзі үйлесімділікте өтетін дәруіштің өмірін таңдауда.

«БАЗИС-А» Корпорациясының RemizovkaPrivate Residences тұрғын үй кешенінде сізге мансап пен үйлесімді өмірдің екеуінің бірін таңдаудың қажеті болмайды! Себебі бұл – Әл-Фараби даңғылынан небәрі 5 минуттық жердегі табиғат аясындағы өмірдің қалалық үлгісі. Мегаполис тұрғындарын өмірдің жеделдетілген ырғағы тудырған күйзелістен «құтқаруы» тиіс даңқы әлемді жаулаған EcoStyle – жобаның негізі.

RemizovkaPrivateResidences кешенінің заманауи үйлері қоршаған табиғатпен мінсіз үйлесім тапқан. Қасбеттердің жұмсақ реңктері, қарапайым сызықтар мен формалар тыныштыққа шақырады.

RemizovkaPrivate Residences-тің абаттандырылған аумағы Монреальдің ең таңдаулы ауданы - Уэстмаунтты еске түсіреді, алайда оның өзі де мұншалықты әдемі емес!

Шексіз субұрқақтары бар су алаңы, қазақ эпосы кейіпкерлері түріндегі үлкен шахматтар, табиғи жер бедеріндегі сырғанақтар, дөңес алаңқайлар, батуттар, хоббит үйі – жоқ, бұл «Қиял әлемі» саябағының жарнамасы емес. Бұл - балалардың RemizovkaPrivate Residences кешеніндегі күнделікті жарқын өмірі. Ыңғайлы гамактар, өзгеше сәкілер, ашық аспан астындағы амфитеатр және шексіз пейзажды саябақ отбасылық демалысқа арналған.

Спортпен шұғылдану – қазіргі заманғы өмірдің тренді. RemizovkaPrivate Residences тұрғындарына трендтен қалыспау үшін артық күш жұмсаудың қажеті жоқ. Комьюнити-орталықтың екі қабатты орталығында SPA-аймақ та, үлкен бассейн де, заманауи жаттығу құралдары қойылған зал да бар. Бассейнде жүз метрге жүзу – күннің тамаша бастауы болса, SPA-да бір сағат отыру – күннің сәтті аяқталуы.

Үздік клубтар мен орталықтар ортасындағы RemizovkaPrivateResidences тұрғын үй кешені қызыққа толы, бірақ шаршатпайтын өмірге шақырады. EsentaiMall СОО, VilvetSportVilla спорт клубында, HollidayResort A-Club немесе VilladeiFiori қала сыртындағы клубтарында демалысты қызықты әрі тиімді өткізуге болады, ал HaileyburySchoolAlmaty шәкірттерінің бойында пайдалы келешектің берік негізін қалыптастырады.

Күйзеліс гормонын шаттық пен рахаттың гормондарына ауыстырар болса мегаполистегі өмір жеңіл болмақ.

RemizovkaPrivate Residences – шаттық пен рахат гормондарының нағыз кені.