8 ақпан 2017 ж.

Royal Gardens – біздің Куршевельге жауабымыз

Куршевель таңдаулы тау шаңғылы курорты бүкіл әлемге танымал тұлғалардың демалатын сүйікті орны ретінде белгілі. Француз Альпілері оларды несімен баурайды?

Біріне альпі таулары мен шыңдары ұнайды. Енді бірі суға шомылып, күнге қыздырыну үшін дәл осы Куршевельге барады, себебі, көптеген қонақүйлердің аумағында арнайы жабдықталған бассейндер мен террасалар бар. Сонымен бірге, онда тау велосипедін тепкісі келетіндерге қажеттінің барлығы бар. Әрине, жергілікті ас мәзірі бар асхана да бар, онда ас таза ауа мен белсенді демалыстың арқасында екі есе дәмді сезіледі.

Алайда, «БАЗИС-А» Корпорациясының Royal Gardens жаңа тұрғын үй кешенінің тұрпаты кез-келген Куршевельді шаң қаптырып кете алады!

Террасалы пәтерлері бар үйлердің Іле Алатауы шоқысында қар басқан шыңдар мен көгорай шалғындар ортасында орналасуы кешен тұрғындарының ғажайып көріністерден сәт сайын ләззат алуына мүмкіндік береді.

Royal Gardens-те күнделікті өмірдің әрбір нюансы мұқият ойластырылған. Royal Gardens аумағында ашық аспан астындағы жылытылатын бассейні мен джакузиі бар тамаша SPA-аймақ тұрғанда Куршевельге ұшудың қажеті қанша. Оның үстіне, альпі табиғатына қарағанда тау сүрлеулері мен бөктері кешенің дәл табалдырығынан басталатын Іле Алатауының әсемдігінің бәсі әлдеқайда биік. Альпинизм, трекинг, шаңғы жорықтары, атпен серуендеу, қар лақтырысып ойнау – барлығы бар! Жерасты паркингтерінде тау велсипедтерін қоюға және жабдықтарды сақтауға арналған арнайы орындар қарастырылған, олармен қыдыруға арналған орындар да жеткілікті. Тинейджерлер үшін мұнда тамаша роллердром мен спорт алаңдары, ал, кішкентайлар үшін – қауіпсіз төсенішке орнатылған үлкен заманауи балалар қалашығы бар.

Әр үйді қоршаған кең террасалар бүкіл отбасымен демалуға шақырып тұрады. Барбекюге арналған арнайы алаңдарда кәуап пісіруге болады, онымен әлемнің ешбір асханасы таласа алмайды, себебі, оны дайындауға адам жаны секілді құпия ингредиент қолданылған.

Royal Gardens аумағында 1500-ден астам ағаш пен көптеген тал-шілік отырғызылған, олар – таза ауа, жазғы салқын мен құстардың құбылта салған әнінің кепілі. Үш қабатты үйлер табиғи материалдар мен қасбеттердің жұмсақ табиғи түстерінің арқасында ландшафттың бір бөлігіне айналып, табиғатпен біте қайнасып кетеді.

Жердің бетінде жұмақ жоқ, бірақ, жұмақа бергісіз орындар бар. Royal Gardens – солардың бірі, тіпті, Куршевельде өткен бірнеше айдың өзі курорттағы өмірмен салыстыруға келмейді!