11 қыркүйек 2017 ж.

Қаладағы Eco-Style

Біздің өмір салтымыз бірте-бірте өзгеруде. Қаланың шулы ортасы да бізге аздық ете бастады. Біз үшін бүгін жан-жақты жайлылық пен кеңістік экологиясы маңызды. Қаладағы өмірдің жаңа философиясының негізін «БАЗИС-А» Корпорациясы салған Remizovka Private Residences тұрғын үй кешені қалады. Remizovka Private Residences-те сіз мінсіз тепе-теңдік пен ішкі үйлесімділік туралы арманыңызды жүзеге асыра аласыз!

Тұрғын үй кешені орналасқан Ремизов шатқалы – бірегей қолайлы орын, себебі ол қозғалысы көп Әл-Фараби даңғылынан үш минуттық жерде. Esentai Mall және VILLA Boutiques & Restaurants көпфункционалды кешені, VilvetSportVilla спорт клубы, Holliday Resort A-Club қала сыртындағы клубы мен ұрпақтарыңызға абыройлы аттестат алу мүмкіндігін беретін Haileybury School Almaty секілді айтылу орындармен көрші орналасқан. Бұл аудан қаладағы ең экологиялық таза аудандардың бірі деп танылған. Бұл жердің ауасы – таза, ал таңертең салқын тау самалы күні бойына жететін сергектік сыйлайды. Тұрғын үй кешенін маңғаз архитектура мен сырбаз ландшафтты дизайн ерекшелейді. Ал бірыңғай дизайнерлік тұжырымдамамен байланыстырылған үйлер бедел мен жан-жақты жайлылықтан хабар береді.

Eco-Style өзін дыбыс және шудан оқшаулаудың жоғары стандарттарымен, экологиялық материалдардың қолданылуымен танытты. Remizovka Private Residences-тегі пәтерлердің бөлмелерінің ыңғайлы әрі ойластырылып жасалуы кез-келген үлгідегі кеңістік жасауға аса қолайлы.

Комьюнити-орталықтың да Сізге ұнайтыны анық. Remizovka Private Residences аумағындағы жабық бассейні бар нағыз SPA-аймақ мен заманауи жаттығу құралдары жанға жайлы демалыс сыйлайды. Ашық аспан астындағы ойын-сауық орталығы тамаша шығыс шарбағымен үйлескен. Балаларға арнап сырғанақтары, батуттары, Хоббиттің сиқырлы үйі бар ойын алаңы жасалған. Жаңа Remizovka Private Residences тұрғын үй кешенімен алматылықтар мен қала қонақтары өткен сенбіде VILLA Boutiques & Restaurants КК болған классикалық автокөліктердің VILLA Retro Car 2017 көрмесі кезінде жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Көрме қонақтары тұрғын үй кешенінің макетіне үлкен қызығушылық танытты. Жарқын инсталляцияны тамашалап, «БАЗИС-А» Корпорациясының жаңа үйлесімді өмір салтынан ләззатына сусындады.