20 қыркүйек 2018 ж.

"Алмалы" тұрғын ауданындағы "7-20-25" бағдарламасы бойынша кілт тапсыру

Жеке пәтер сатып алу - кез-келген адам үшін маңызды оқиға.
"7-20-25" жаңа ипотекалық бағдарламасы бойынша өзіңізге ұнаған пәтерді таңдап, сатып ала аласыз.
 
Аталған бағдарламаның маңыздылығы мен тиімділігін "7-20-25" бағдарламасымен пәтер алған "Алмалы" тұрғын ауданының қоныс иелері сезініп үлгерді. Оларға жаңа үйлердің кілтін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің өзі салтанатты түрде тапсырды. Шараға «BAZIS-A Corp.» ЖШС басқарма төрағасы Павел Белович пен "Нұр Отан" партиясының өкілдері қатысып, пәтер иелерін қоныс тойымен құттықтады.
 
Қазірдің өзінде бақытты жастар отбасымен бірге пәтерлеріне жайғасып, оны жайлылық пен жылылыққа толтыра алады! Пәтерлер дайын күйінде берілді.