22 желтоқсан 2016 ж.

«Алмас қылыш» – қазақ хандығының қалыптасуы туралы фильм

«БАЗИС-А» компаниялар тобының қаржылық қолдауымен «Қазақфильм» киностудиясы Ілияс Есенберлиннің қазақ хандығының құрылуын суреттейтін «Алмас қылыш» романының желісімен «Алмасы қылыш» атты көркем фильм түсірді. 16 желтоқсанда Астанада және 17 желтоқсанда Алматыда мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Алматы әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен фильмнің тұсаукесер көрсетілімі өтті. 2017 жылы фильмнің «Қазақ елі» атты 10 сериялы телевизиялық нұсқасы шығады.

Жастар өз елінің тарихын білуі тиіс

«Алмас қылыш» фильмінің тұсаукесері Алматыдағы республика Сарайында өтті. Тұсаукесерге жобада жұмыс істеген бүкіл шығармашылық топ, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы әкім Бауыржан Байбек пен кино мен мәдениет саласының көптеген өкілдері қатысты.

Арыстанбек Мухамедиулы поздравил зрителей с 25-летием Независимости Республики Казахстан и отметил, что в 550-летний юбилей Казахского ханства глава государства, ставший инициатором создания киноэпопеи «Алмазный меч», доверил снять киноленту всемирно известному режиссеру Рустему Абдрашеву.

«Фильм был снят благодаря поддержке Председателя совета директоров Группы компаний «БАЗИС» Александра Якубовича Беловича по мотивам романа Илияса Есенберлина «Алмазный меч». Корпорация «БАЗИС-А» выделила более 200 миллионов тенге. Мы очень благодарны за такую поддержку», – сказал в свою очередь Рустем Абдрашев.

Фильмнің бас продюсері Арман Әсенов көрермендерге картинаға деген қызығушылығы үшін алғыс айтты. «Алғашқы көрсетілімге көрермен болып келгендеріңіз үшін үлкен рахмет. Бұл – қазақ тарихының қалыптасуы туралы біз түсірген 10 сериялы фильмнің кинонұсқасы», – деп атап өтті Әсенов.

Фильмнің бас демеушісі – «БАЗИС» холдингтік компаниясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Александр Якубович Белович мұндай фильмдердің қоғам, әсіресе, жастар үшін өте маңызды екендігін айтты. «Бұл фильмде Жәнібек пен Керей хандардың қазақтың басын қалай қосқаны айтылады. Бұл – қазақ халқының өз жерін сақтап қалу жолындағы жорықтарының тарихы. Мұнда қазақ халқының төл тарихы мен дәстүрлері суреттеледі. Әрине, бізге осы фильмге демеуші болу туралы ұсыныс жасалғанда бас тарта алмадық. Біз үшін осындай фильмді түсіруге үлес қосқанымыз үлкен бақыт. Бұл жай тарихи және патриоттық фильм ғана емес, сонымен бірге, бәріміз үшін, әсіресе, жастар үшін ағартушылық фильм. Келер ұрпақ өз мемлекетінің тарихын терең білуі тиіс», – деп атап өтті Александр Якубович.

Ұлы даладағы оқиғалар қалай өрбіді

«Алмас қылыш» фильмі XV ғасырдың орта тұсындағы қазіргі Қазақстан орнын мекен еткен тайпалар мен көшпелілердің өмірі мен Қазақ хандығының құрылған сәтін бейнеледі. Алтын Орда күйрегеннен кейін шексіз далада ұсақ хандықтар құрылды, олардың арасында Ақ Орда да бар. Ақ Ордадағы билік Жошының үлкен ұлы және ұлы Шыңғыс ханның немересі Ордай Ежен әулетіне тиесілі еді. Біршама уақыттан соң Шайбанидтердің ұрпағы, бала кезінен тақты армандаған Әбілқайыр билікті күшпен басып алып, қаталдықпен, опасыздықпен хандығының шекарасын кеңейтті. Қатыгез әмірші, өзара айтыс-тартыс, билікті күшпен тартып алу қазақ халқының шыдамын тауысып бітті. Ақыры екі сұлтан – тақтың заңды мұрагерлері Жәнібек пен Керей Әбілқайыр ханнан бөлініп, өз ұлысын құруды шешті. 1460 жылы бірнеше мың көпелі қатыгез әміршіден құтылу үшін Жәнібек пен Керей сұлтандардың маңына бірігеді. Қазақ

тайпаларының ақсақалдар кеңесі Әбілқайыр ханнан Моғолстан шекарасына көшуді қолдайды. Жұрт атамекенін тастап жолға шығады. Жергілікті басқарушы Есен-Бұға қазақ тайпаларына жер беріп, қоныстануға келіседі. Қайтарымы ретінде көшпелілер жауды шекарадан Есен Бұға жеріне өткізбеуге уағдаласады.

Көшпелілер қанды қырғынды, тар жол, тайғақ кешуді бастан өткереді. Көп ұзамай Жәнібек пен Керейге қосылған жұрттың бас көтерерлері бірігу қажеттігін түсініп, Керейді хан етіп сайлайды. Оны ақ киізге көтеріп Қазақ хандығының құрылғанын жариялайды. Жәнібек Керейге қолдау көрсетіп, көшпелі халықтың өз жерінде алаңсыз өмір сүруі үшін қолынан келгеннің бәрін істеуге уәде етеді. Осылайша ұлы дала төсінде жаңа ұлт – қазақтар, әлем картасында жаңа мемлекет – «Қазақ хандығы» пайда болады.

Сценарий авторы мен режиссердің еңбегін атап өту керек – фильмде адам мінезінің барлық қыры көрсетіледі, олар – батылдық пен туған жерін қорғаған батырлардың ерлігі, таққұмарлық, әміршілердің айлакерліктері мен есерсоқтығы, шынайы адалдық пен достық, жерін жаудан қорғауға аттанған батырлар мен қазақ аруларының батырлығы. Фильм Алматы мен Алматы облысында – табиғи ландшафт сол замандағы уақиғалар өткен жерлерге ұқсайтын аумақтарда түсірілді. Фильмді түсірушілер әрбір детальді – оқиғалар өткен жерлерден бастап киімдер, дыбыстық әрлеу мен актерлардың гримдеріне дейін мұқият ойластырған. Фильм 30-дан астам нысанда 5 ай түсірілді. Фильмді түсіруге 500 адам қатысты.