23 сәуір 2018 ж.

«Алматы Марафон». Ұрпақтар бірлігі

Халықаралық жетінші «Алматы Марафон» оңтүстік астананы драйв, құмарпаздық пен жаппай бірігу энергиясымен дүр сілкіндірді. Биыл марафон 38 елдің 15 мың әуесқой желаяғын жинады.

Дәстүр бойынша ауқымды спорт мерекесіне Bazis-A белсенді қатысты. Биыл жарыс жолына BAZIS-A-ның 200 марафоншысы шықты, Компанияның түрлі жастағы қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар, олардың балалары да бақ сынады. Кішкентай женлаяқтар үлкендерден қалысқан жоқ, жанкүйерлердің қолдап-қолпаштауымен балаларға арналған қашықтықты шақырымдап еңсеріп отырды.

Командамыздың мүшелері керемет табандылық, жанқиярлық пен төзімділік байқатты. Желаяқтардың қашықтықты еңсеруіне Bazis-A жанкүйерлерінің үлкен командасының қолдауы демеу болды. Республика Алаңындағы мәреден табылған олар алған әсерлері мен эмоцияларымен бөлісті.

Bazis-A марафоншылары сергектік пен позитивтің үлкен қуатын алып, марафоннның қайырымдылық мақсаттарының орындалуына өзіндік үлестерін қосты.