29 маусым 2018 ж.

Алматы ортасындағы жаңа сату кеңсесі

Құрметті достар!

Алматының ортасында BAZIS-A компаниясының көптен күткен жаңа сату кеңсесінің ашылғанын қуана хабарлаймыз!

Мекенжайын есте сақтаңыздар – Абай даңғылы, 210, Тілендиев көшесінің қиылысы. Осы жерде, жеке автотұрағы бар бөлек тұрған ғимаратта пәтерді таңдау мен сатып алуға қажетті барлық үздік және пайдалы қызметті ұсынамыз.

Өз қалауыңызға қарай жеке кабинетке, конференц-румға немесе лаундждағы жұмсақ диванға жайғасып, хош иісті кофе немесе шәй іше отырып «ЛЕГЕНДА» ерекше орамынан, «Акварель» отбасылық орамынан немесе JAZZ-орам жаңа жобасынан пәтер таңдай аласыз. Осынау барлық тұрғын үй кешендері жақын орналасқан. Бұл жергілікті жерде бағдарлауды жеңілдетеді.

Жеке менеджер Сіздің болашақ үйіңізді ұсақ-түйек детальдарына дейін инсталляция-макеттермен және интерактивті дисплейлерде промо-роликтермен көрсетеді. Бұл BAZIS-A компаниясының тұрғын үй кешендерінің барлық жиынтығынан сұрауыңызға орай ең оңтайлы пәтерді таңдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жеке менеджер жылжымайтын мүлікті сатып алуға қатысты кеңес береді.

Сіз шаруамен айналысып жатқанда балалардың да іші пыспайды. Оларға арнап балалар бұрышы жасалып, сенсорлы ойын үстелі қойылған. Пәтерді ешнәрсеге алаңдамай және балаларды уайымдамай таңдаңыз – олар жіті назарда, ойынға берілген тіпті, кеткісі де келмейтіні анық.

Жаңа сату кеңсесінің «жаңалықтарының» бірі – JAZZ-орамның құрылыс алаңы көрінетін ашық терраса. Менеджермен келіскен кез-келген уақытта екінші қабатқа көтеріліп, үйіңіздің құрылысын тамашалай аласыз.

Сіздерді Абай даңғылы, 210, Тілендиев көшесінің қиылысы мекенжайында жұмыс күндері сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі күні сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін күтеміз.