24 қазан 2018 ж.

Алматыдағы Құлжа тракті мен Рысқұлов даңғылының көлік жолайырығы – Оңтүстік астананың орталығына алып барар жаңа ыңғайлы жол.

Конструкциялар салудың заманауи технологиялары бетонды кернеу алдындағы күй тәсілімен құюды қарастырады. Бұл тәсіл конструкцияны бірнеше есе нығайтады, оны берік әрі үлкен сейсмикалық салмаққа төтеп беретіндей етеді.

6 жолақты автомагистральдардың жақсы ойластырылған бағыттары сіздердің діттеген жерлеріңізге тезірек жетуілеріңізге көмектеседі. 860 метрлік жолайрығының өне бойындағы жарқын заманауи жарықтандыру жолды қараңғы мезгілде де ыңғайлы етеді.

Ені 4 метрлік жолақтар жолда ыңғайлы арақашықтықты сақтауға мүмкіндік береді, ал тәулігіне 135 мың автокөлік өткізетін тамаша мүмкіндік Алматыға кіріп-шығатын көлік ағынын айтарлықтай азайтады.

Құлжа тракті – Рысқұлов даңғылы жолайырығында жаяу жүргіншілер үшін кең (3 метр) және ыңғайлы тротуарлар жасалған, ал жауын-шашынды күндері жайлы болуы үшін заманауи арық желісі қарастырылған.

Құлжа тракті мен Рысқұлов даңғылының көлік тез жүретін заманауи көлік жолайырығы Алматының Медеу ауданының экологиялық ахуалын жақсартуға септеседі, сонымен қатар қаланың басқа да магистральдарының өткізу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Осынау жолайырықтың арқасында облыстан Алматының ортасына тездетіп жетіп, мегаполистен қаланың сыртына жылдам шыға аласыз.