11 шілде 2017 ж.

Армандауды доғарып, сатып алатын кез келді!

Бәрін білетін коучтар қанша жерден бізді позитивті ойлап, армандауға шақырмасын, кейде арманның шаршы метрлер ретінде шындыққа айналуы ұзақ жылдарға созылып кетіп жатады. Х сәтін жақындату үшін өз арманыңызға қарай қадам басыңыз – «БАЗИС-А» Корпорациясынан баспана сатып алудың барлық жолдарынан хабардар болыңыз.

Осы жерде және бірден

Жылжымайтын мүлікті құрылыс салушыдан тікелей сатып алу қашанда тиімді, себебі бұл делдалға пайыз төлеуден құтқарады. Бонустар мұнымен бітпейді. Баспана сатып алудың зарығып күткен шаршы метрлердің құнын жүз пайыз төлеу секілді бір қарағанда ең қарапайым тәсілі көпшілік үшін

ең қиын шаруа. Осыны ескерген құрылыс салушылар сатып алушыларды түрлі акциялар мен жеңілдіктермен ынталандырып отырады. Әділін айту қажет, мұндай тәсіл алгоритм бойынша тек жеңіл әдіс қана емес (пәтер сатып алу туралы келісім-шартқа қол қойып немесе оның құнын 100 пайыз төлеп пәтерді жеке меншігіңе аласың не болмаса нысанның пайдалануға берілуін күтесің), сонымен бірге ең тиімді амал, себебі, төлемнің бұл түріне акциялар қарастырылған …

Алақай! Жеңілдіктер!

Егер сіз пәтердің барлық құнын бірден төлейтін болсаңыз «БАЗИС-А» Корпорациясы сізге жеңілдіктер ұсынады. Сіз кез-келген уақытта пәтеріңіз орналасқан нақты тұрғын үйге байланысты жеңілдікке иек арта аласыз.

«БАЗИС-А» Корпорациясы салынып жатқан тұрғын үй кешендері пәтерлеріне айтарлықтай жеңілдіктер жасайды, орташа алғанда пәтер құнына 2%-дан 6%-ға дейін (Element, «Легенда», «Акварель» тұрғын үй кешендері). Бұған қоса аталған цифрлар ақырғы емес, мәселе қашанда жеке дара шешіледі.

Мұнымен біткен жоқ! «БАЗИС-А» Корпорациясының эксклюзивті ұсыныстары құны 3 млн теңге болатын жерасты паркингін сыйға тарту мен Remizovka Private Residences, Royal Gardens тұрғын үй кешендері пәтерлеріне жеңілдіктер жасаудың бірін таңдауды ұсынады (жүз пайыз төлем жасалған жағдайда). Сирек кездесетін сәттілік!

Құрылыс кезінде бөліп төлеу

Жеңілдіктер мен бір мезетте заманауи тұрғын үй кешенінің жайлы баспанасының иесі болып шыға келу қаншалықты арбағанымен жүз пайыздық төлемді «осы жерде және бірден» төлеу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл жағдайда «БАЗИС-А» Корпорациясының сату бөлімі сізге бөліп төлеудің екі түрлі жолын ұсынады, екеуінің де міндетті шарты бар, ол – бүкіл ақшаны тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталғанға дейін төлеп біту қажет.

Егер сіз алдын ала 30% төлесеңіз (бастапқы төлемнің минимальді мөлшері), қалған қаражат, яғни 70% нысан пайдалануға берілгенге дейінгі айларға бөлінеді. Егер пәтер құнының 50% төлеу мүмкіндігіңіз болса, қалған қаржыны құрылыс біткенге дейін төлеуге болады. Бұл нұсқа сатып алушының нысан салынып жатқан уақытта қалған қаражатты жинауына мүмкіндік береді.

Несиеге сатып аламыз

Жылжымайтын мүлікті сатып алудың құралы ретінде ипотеканың оң және теріс тұстары туралы ұзақ пікір таластыруға болады, «БАЗИС-А» Корпорациясының тұрғын үй кешендерінен дайын пәтерлерді сатып алуда бұл нұсқа да қолданылады. Мәселен, салынып қойылған немесе салынып жатқан Royal Gardens я болмаса «Симфония» тұрғын үй кешендері көңілінен шыққан сатып алушы (сөз арасында айта кетейік, бүгінгі күні сатылатын санаулы ғана пәтер қалды) өзі таңдаған банкке барып, оның шарттары бойынша несие рәсімдей алады.

ТҚЖБ көмекке келеді

Алайда тағы бір тиімді жол бар. Соған кеңірек тоқталсақ. «БАЗИС-А» Корпорациясы пәтерлерді Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі (ТҚЖБ) арқылы сатып алудың артықшылықтарын пайдалануды ұсынады, бұл банктің сенімділігіне сенуге болады, себебі банк акцияларының 100%-ы мемлекетке тиесілі және банк әзірлейтін бағдарламаның барлығы мемлекеттің қолдауына ие.

«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ-мен өзара ынтымақтастық жөніндегі келісім пәтер құнының 50%-ын төлеген жағдайда «БАЗИС-А» пәтерлерін жылдық 8,5%-бен сатып алуға ипотекалық несие

алуға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл дайын пәтерді де, салынып жатқан үйдің баспанасын да сатып алуға мүмкіндік береді. Бастысы – келісімге отырарда қолыңызда сатып алғалы отырған баспанаңыздың құнының 50%-ы болуы тиіс. Пәтерді таңдап, оның құнын анықтағаннан кейін сатып алушы өзінің төлем қабілетін алдын ала бағалау үшін ТҚЖБ жүгінеді. Егер қаржылық мүмкіндіктер болса және адамның қолында 50% жеке қаражат болса, ол ТҚЖБ теңгелей есеп шот ашады. «БАЗИС-А» клиенттің ұнатқан тұрғын үй кешенінің пәтерінің құнын белгілейді. Ипотекалық несиені алу, қайтару, кепілдікті қамтамасыз етуді ұсыну секілді барлық қаржылық өзара қарым-қатынасты банктің реттейтінін айту артық болар.

Адам абстрактілі суреттермен шектелмей, мәселені тынымсыз зерттеп, мәлімет жинап, өз мүмкіндіктерін салқынқанды және батыл бағалайтын болса ғана әнтек армандар күш алып, әрекетке себеп болады. Ал сіз өнбейтін армандаулардан нақты қадамдарға көшетін кез келді деп ойламайсыз ба?