24 маусым 2018 ж.

Австрия орамы. І-кезек сатылымы басталды

Астананың орталығындағы еуропалық өмірдің ультрасәнді коктейлі - «Қалалық романс» жаңа тұрғын үй кешенімен толықты. «Австрия орамындағы» І-кезек пәтерлері сатыла бастады.

«Австрия орамы» – Есіл өзенінің оң жағалауында, Шәмші Қалдаяқов көшесінің бойында, елорданың айтулы нысандарының қоршауында, Президент саябағының жанында орын тепкен Астананың «Қалалық романс» культтік жобасының бір бөлігі.

Жасыл аллеялар, әсем жағалау, орталық қалалық алаң – «Австрия орамы» серуендеу мен демалыстың саналуандығы жөнінен еуропаның кез-келген қаласымен таласа алады. Музейлер, көрме залдары мен концерт алаңдарымен қоршалған мұнда өмірдің жарқын әрі бай болатыны сөзсіз. Жанында балаларыңыздың әлемдік жоғарғы оқу орындарында оқуына жасалатын алғашқы қадам мен «жолдама» - Haileybury School Astana орналасқан.

«Австрия орамы» заманауи үрдістер мен классикалық архитектуралық дәстүрлерді біріктіретін стильде жасалған. Қасбеттер мәнерлі формалар мен бай материалдардың үйлесімімен бағындырады. Авторлық дизайнда жасалған кең лобби қазірдің өзінде табалдырықтан бастап еуропалық сәулет пен бірегейліктің еуропалық ауанын туғызады. Лоббидің интерьерлерін безендіруге табиғи ағаш пен тас, стильді шамдалдар мен әдемі жихаз пайдаланылған.

Кешкі уақытта «Австрия орамы» жарықтандырудың арқасында мерекелік Венаға айналады. Тамылжыған көкорай мен гүлзарлардың жарқын түстері, шамдардың баяу сәуле шашуы … Енді кешкұрым саябақ аллеясында серуендеп жүріп Сіздің жаңа әлеміңізде қауіпсіздіктің көпдеңгейлі жүйесінің арқасында жайлылық пен тұрақтылықтың патшалық құратынын ойлаудың өзі рақат сезімге бөлейтін болады. Ал, күндіз жайлы, оңаша аулаларда уақытты қызықты өткізуге болады. Ол аулаларда заманауи ойын кешендері мен Work Out секілді белсенді демалысқа қажеттінің бәрі бар.

«Австрия орамы» саналуан жоспарлық шешімдерді ұсына отырып қиялға кең мүмкіндік береді. Кең бөлмелер, қосалқы жайлары бар ас бөлмелері, қосымша ванна бөлмелері, шыныланған лоджиялар мен гардероб бөлмелері. Бұл – Сіздің төбесі биік, терезелері, витраждары үлкен, жарық пен ауаға малынған жеке кеңістігіңіз!

«Австрия орамы» – жай ғана үй емес. Бұл – Сізге арнап жасалған мінсіз әлем! Толығырақ: http://austrian.bazis.kz/