11 шілде 2018 ж.

Қазақстандықтар BAZIS-A компаниясына сенеді

Қазақстандықтар сенімді құрылыс салушыларды тани бастады – ең сенімді құрылыс компаниясын таңдауда Қазақстан Республикасының тұрғындары BAZIS-A компаниясын көздейді. Ranking.kz мониторинг жасау агенттігі осындай мәліметтерді келтіреді.

 «Алданған үлескерге» айналмас үшін бүгінде мынаны білу маңызды: құрылыс салушыларға үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат беруге ЖАО (жергілікті атқарушы органдар, әкімшіліктер) немесе тұрғын үй құрылысын кепілдендіру Қорының (ТҚКҚ) ғана құқы бар. Мұндай кепілдіксіз үлескерлік қатысу туралы сөз қозғаудың, ал, күдікті нысандарға қаражат салудың қажеті жоқ.

 BAZIS-A компаниясының барлық сатылып жатқан тұрғын үй кешендерінің ТҚКҚ немесе ЖАО бойынша үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаттары бар. Сонымен қатар, ranking.kz сарапшыларының мәлімдеуінше, Қазақстандағы ТҚКҚ кепілдік берген нысандардың 40%-і BAZIS-A компаниясына тиесілі.

 Қазақстандықтар өзге де артықшылықтардың ішінен BAZIS-A компаниясының Астана мен Алматыдағы құрылыс салушылардың арасында алдыңғы орындарда тұруы мен компания тарихында күрмеуі қиын нысандардың болмауын жоғары бағалайды.

 BAZIS-A сенімі мен таңдауы үшін қазақстандықтарға алғысын білдіреді!