8 қыркүйек 2017 ж.

«БАЗИС» құрылыс компаниясы Алматыдағы «Астана» алаңын қайта қалпына келтіруді аяқтады

Алматыдағы «ескі» алаң қайта түледі. Бүгінде қалалықтардың осынау сүйікті орны әлемдік мегаполистердің үздік дәстүрлерімен безендірілді.

Жоба межеленген мерзімнен ерте аяқталды. Жобаға сәйкес «БАЗИС» құрылыс компаниясы алаңды қайта қалпына келтірді. Жолақтардың саны қысқартылды, босаған кеңістікке велосипед жолақтары төселді. Жаңартылған баспалдақты эспланадада ашық амфитеатр жасалған, оның алдына түнгі уақытта жарық түсірілетін екі құрғақ субұрқақ

орнатылған. Классикалық үлгідегі жарық түсіретін шамдар кеңістікке әр берді, алаңда шағын авторлық сәулеттік мүсіндер пайда болды.

Екі ай бойы нысанда 230 құрылысшы еңбек етті. 8 283 м2 гранит плитка, 8 246, 5 м/п гранит ернеу, 148 м2 жанама плитка төселді. 4 980 м2 аумақ асфальтталды. Аумағы 154 м2 жаңа гранит баспалдақ жаңа алаңның көркіне айналды. Арнайы боллардтар жаяу жүргіншілер мен көлік ағыны ортасына қойылды. Су құбырын (400 м) қайта қалпына келтіру және жаңа жол белгілерін салу жұмыстары жүргізілді. Жоба аясында ауқымды авторлық көгалдандыру жүзеге асырылды. Ол бойынша лаванда гүлзарлары мен көгал жасалды (4200 м2). Сондай-ақ, ескі жабынды жөндеу жұмыстары атқарылды (17 500 м2). Олар енді жаңа секілді көрінеді.

Таяуда көгалдандыру жұмыстары жөке және үйеңкі аллеялары мен ағаштар отырғызумен толықтырылады. Қала Күні қарсаңында «Астана» алаңы алматылықтар мен оңтүстік Астана қонақтарын өзінің жаңа жарқын келбетімен қуантатын болады.