16 желтоқсан 2016 ж.

«БАЗИС» құрылыс компаниясы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Монументін салып бітірді

«БАЗИС-А» компаниялар Тобына кіретін «БАЗИС» құрылыс компаниясы еліміз үшін маңызды оқиға – Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған монументтің құрылысын аяқтады!

«БАЗИС» құрылыс компаниясы салған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Монументі – еліміздің өркендеуінің жаңа символы және Астананың ең жарқын архитектуралық доминанттарының бірі. Ақ түсті мәрмармен қапталған 70 метрлік монумент EXPO-2017 жанында алыстан менмұндалайды. Оның 25 қыры республика тәуелсіздігінің 25 жылын бейнелейді.


Осынау символдық жобаны жүзеге асыру мәртебесі Тәуелсіз Қазақстанның құрдасы «БАЗИС» құрылыс компаниясына бұйырды.

Монументтің құрылысы кезінде Альпі тауларынан алынатын 1 500 шаршы метр каррар мәрмәр тасы пайдаланылды. Бұл – сонау антика дәуірінен бері танымал мәрмәр түрі. Ескерткіштің қаңқасы қуатты металл конструкцияларынан жасалды, 36 және 48 метр биіктікте күшті жел салмағын қабылдайтын арнайы демпферлер орнатылды. Көтеруші құрылмалардың жай-күйін күні-түні бақылауға мүмкіндік беретін арнайы мониторинг жүйесі қойылды.

Құрылыс күрделілігіне қарамастан өте қысқа мерзімде – небәрі 3 айда бітті. «БАЗИС» құрылыс компаниясы құрылысшыларының шеберлігінің арқасында сапалы етіп салынды!