28 желтоқсан 2016 ж.

«БАЗИС-А»: ЕХРО-2017 нысандарының құрылысы аяқталды

«БАЗИС» құрылыс компаниясы халықаралық көрме павильондарының, «Энергия әлемі» тақырыптық павильоны мен көрмеге қатысушыларға арналған көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтады.

Батыстан шығысқа дейін

Халықаралық мамандандырылған көрме Астанада 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтетін болады. Қазірдің өзінде 112 ел мен 18 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындықтарын мәлімдеді.

Бүгінгі күні «БАЗИС» құрылыс компаниясы салған халықаралық көрме павильондарына қандай елдердің орналасатыны белгілі, олар – АҚШ, БАӘ, Бразилия, Франция, Румыния, Польша, Австралия және т.б. елдер, сондай-ақ, бірнеше халықаралық ұйым. Олардың өкілдері қазірдің өзінде өздерінің көрме стендтерінің тұжырымдамасы бойынша жұмысты бастап кетті.

Көрме тақырыптарын таныстыратын шешуші нысандар – төрт тақырыптық павильон, олардың әрқайсысы өз тақырыптарын ашады. «БАЗИС» құрылыс компаниясы салған «Энергия әлемі» павильоны әр адамның энергияны тиімді пайдалануға қосатын үлесін ашуға арналған.

«БАЗИС» құрылыс компаниясы салған көрме павильондарының жалпы аумағы - 75 000 шаршы метр. Павильондарда осында жұмыс істейтін адамдарға бар жағдай жасалған – жайлар толығымен қажетті коммуникациялар мен қондырғылармен жабдықталған.

Қазіргі заманға сай және бөлмелері оңтайлы орналасқан 696 пәтер қонақтарды қабылдауға әзір

Көптеген адам бірнеше ай бойы өз елдерінің павильондарын үлкен шараның басталуына - ЕХРО-2017 көрмесіне дайындайды. «БАЗИС» құрылыс компаниясы көрме қатысушылары - әлемнің әр түкпірінен Қазақстанға келген менеджерлер, промоутерлер, консультанттар, дизайнер-безендірушілер, инженерлер, жұмысшылар мен өзге көптеген мамандарға арнап салған жайлы тұрғын үй кешені шетелдік қонақтарды қабылдауға дайын.

«БАЗИС» құрылыс компаниясы ЕХРО-қалашықтың үш орамын салды – бұл 21 үй. Құрылыс екі жыл жүрді. Жобаның архитектуралық идеясы қазіргі заманғы еуропалық стильде жасалған.

Ыңғайлы жерасты тұрақтары, кең де жарық холлдар, жылдам лифтілер – мұнда жайлы өмірге қажеттінің барлығы ойластырылған. 1, 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлер жоғары сапалы экологиялық материалдармен әрленген.

6, 7 және 8 қабатты үйлер балалар мен спорт кешендері бар жайлы әрі жабық аулаларды құрайды. Жасылдандыру авторлық стильде жасалған.

Тұрғын үй кешені ЕХРО көрме павильондары мен Астанадағы ірі MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығының жанында орналасқан. Кешенге жақын жерде Назарбаев Университет, Ұлттық хореография академиясы мен Назарбаев Зияткерлік мектебі орын тепкен. Жанында ботаникалық бақ пен веложолдары бар әдемі желілік саябақ салынуда.

ЕХРО-қалашық өте сәтті орналасқан – әсіресе, ЕХРО павильондарында жұмыс істейтіндер үшін жұмыстан үйге жету аса ыңғайлы болады.

Көрме жұмысы аяқталғаннан кейін Астананың бұл аумағы өмір сүруге және бизнес жүргізуге ең тартымды аудан болады.