29 желтоқсан 2016 ж.

«БАЗИС-А»: мерейтой жылының жарқын сәттері

Жылдың соңында қашанда қорытынды жасалады. Сөз жоқ, 2016 жыл «БАЗИС-А» компаниялар Тобы тарихына айшықты жыл ретінде енеді. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өте отырып өзіміздің ширек ғасырымызға да аяқ бастық. Компанияның мерейтой жылы табысты және құрылыс ауқымы мен әсем де күрделі түрлі мақсаттағы нысандарды пайдалануға беруде ең рекордты жыл болды.

 


Астанада EXPO-2017 көрме кешені нысандарының құрылысы аяқталды. Жалпы аумағы 75 000 шаршы метр халықаралық және тақырыптық көрме павильондары қатысушы елдерге тапсыруға дайындалды. Халықаралық көрмеге қатысушыларға арналған үйлер тапсырыс берушіге тапсырылып, қоныстандыруға әзір.

EXPO-2017 жанында тәуелсіздіктің 25 жылдығы Монументі алыстан менмұндалайды. Биіктігі 70 метрлік стела ақ түсті мәрмармен қапталған, тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының әрбір жылын бейнелейтін 25 қыры бар.

Астанада Қазақ ұлттық хореография академиясы ғимараттарының кешені пайдалануға берілді. Бұл – толық циклды көпсатылы кәсіби хореографиялық білім беретін Орталық Азиядағы тұңғыш жоғарғы оқу орны. Академия бір-бірімен көпір-галереялармен қосылған балет және оқу корпусы, жатақхана және татр секілді ғажайып ғимараттар кешенінен тұрады.

«Астана Балет» театрының құрылысы аяқталды. 10 желтоқсанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жаңа театрдың ашылу салтанаты өтті. Осынау ерекше ғимараттың құрылысы өте қысқа мерзімде – небәрі бір жарым жылда аяқталды. «Астана Балет» Қазақ ұлттық хореография академиясының ғаламат кешеніне көрік беріп тұр.

 

Өткен жылда «Қорғас-Шығыс қақпалары» ЕЭА барлық нысандары – құрғақ порт, 700 гектар жерді алып жатқан индустриалды және логистикалық аймақтар пайдалануға берілді. Шекаралық нысан толық режимде жұмыс істеп жатыр: ҚХР келген жүктерді қабылдап алып Ресей мен Батыс Еуропаға жөнелтуде. Шекаралық аймақтағы жұмыс жалғасуда: Қорғас өзеніндегі жаға күшейту ғимаратының құрылысы мен Қазанкөл көліне баратын тракторлы-патрульді жол салу жұмыстары жүруде.

2016 жылдың тамызында «Қорғас» ШЫХО аумағындағы тазарту қондырғыларының құрылысы аяқталған болатын. Кәсіпорынның баламасы жоқ – ақпа суды мембраналық тазалау тәсілі елімізде алғаш рет қолданылып отыр. Ал «БАЗИС» құрылыс компаниясы Қазақстанда осындай үлкен тазарту қондырғысын салған тұңғыш компанияға айналды. Барлық жүйе автоматты режимде жұмыс істейді, ал, кәсіпорын күніне 7000 текше су өңдей алады. Мембраналық әдіспен тазартылып алынған суды тұрмыста да, ауыл шаруашылығында да пайдалануға болады, ал, қалдықтарды қосымша өңдеуден өткізгеннен кейін тыңайтқыш ретінде қолдануға болады.

Тамыз алдағы Универсиаданың басты нысаны - Almaty Arena мұз сарайын тапсыру мен пайдалануға берумен ерекшеленді. Ауқымдылығымен таңқалдыратын бұл ғаламат ғимарат үш блоктан тұрады: 12 000 орындық әмбебап мұзды арена, денешынықтыру-сауықтыру кешені (ДСК) бар жаттығу айдыны мен кабинеттерден өзге қазіргі заманғы конференц-залдар, жаттығу кешені мен екі жүзу бассейні орналасқан әкімшілік ғимараты. Мұз сарайы FISU, IIHF и ҚХЛ секілді халықаралық спорт ұйымдарының стандарттары мен талаптары бойынша салынды. Нысан қажет болған жағдайда мұз жабындарын шұғыл ойын және концерт алаңдарына айналдыруға болатындай етіп жобаланған.

Almaty Arena қазірдің өзінде өзін қаланың үздік концерт алаңы ретінде танытып үлгерді. Қала күніне арналған «Алматының 25 шыңы» шоуы, ЕМА-2016 марапаттау рәсімі, Филипп Киркоровтың концерті секілді бірнеше ірі уақиғалар мұны дәлелдеді.

Оқу жылының басталуы қарсаңында Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Саин көшесінің қиылысында жаңа үш деңгейлі көлік жолайырығы ашылды. Аталған жолайырығы көптеген өлшемдер бойынша бірегей. Бұл – батыстық технологиялар мен стандарттар бойынша салынған Қазақстандағы тұңғыш үш деңгейлі жолайырығы. Нысан қала басшылығының тапсырмасына сәйкес, мерзімінен үш ай бұрын тапсырылды. Жолайырығы жолақтары мен 311 метр болатын эстакадасы бар жартылай беде пішіндес құрылыстар кешенінен тұрады. Тәулігіне 250 000 автокөлік өткізу қабілеті бар транспорт торабы қаланың төменгі бөлігіндегі автомобиль ағынын азайтуы тиіс.

 

Жыл баспана салу жөнінен де нәтижелі болды. Біз қазірдің өзінде танымал және көпшіліктің ықыласына ие болған тұрғын үй кешендерін аяқтап, жаңаларын салуға кірістік.

Наурыз айында «Алмалы» жаңа тұрғын ауданының құрылысы басталды. Ол келешегі мол және өркендеу үстіндегі Алатау ауданында, Almaty Arena мұз сарайының қарсысында орналасқан, ал, желтоқсанда бірінші кезектің екі үйінің тұрғындары қоныс тойын тойлады.

«Симфония» тұрғын үй кешенінің бірінші блогы пайдалануға берілді, Үлкен Алматы өзені жағалауын бойлай саябақ аймағын абаттандыру жұмыстары аяқталды.

Royal Gardens бірегей тұрғын үй кешені-курортының құрылысы аяқталды. Осы жобаны жүзеге асыру арқылы «БАЗИС» курорттағы өмір деп аталатын өмір сүрудің жаңа сапалы мәдениетінің негізін салушыға айналды! «Жыл таңдауы – 2016» қазақстандық фестиваль-байқауында «Қазақстандағы №1 премиум-класты тұрғын үй кешені» номинациясы бойынша жеңімпаз атануы осының дәлелі.

Еco-friendly-баспана форматы мен ерекшелігін меңгерген «БАЗИС» Қазақстанда аталған бағытты дамытуды жалғастыруда. Қыркүйекте Алматыда Remizovka Private Residences тұрғын үй кешені құрылысының басталғанын хабарлаған болатынбыз. Бұл – жаңа өмір салтын – қалалық жайлылық пен табиғат аясындағы өмірдің үйлесімділігін паш етеді. Бірыңғай архитектуралық желісі бар аз қабатты үйлер, бірінші қабатта террасалардың болуы, аумақтың энергия үнемдеу технологиялары қолданыла отырып абатттандырылуы, жеке комьюнити-орталық пен өмірдің кез-келген жағдайына арналған инфрақұрылым. Құрылысты 2017 жылдың IV тоқсанында аяқтау жоспарланған.

Дәл осы уақытта Астанада жаңа қолжетімді баспана ауданы – «Ақ-Дидар» құрылысы бастау алды. Аталған жобаның арқасында бүкіл отбасына арналған мінсіз қалалық орта тақырыбы жалғасын табуда. «Ақ-Дидар» тұрғын үй кешенінің 1-ші кезегі құрылысының аяқталуы 2017 жылдың IV тоқсанына жоспарланған.

Аты аңызға айналған «Қалалық романс» жобасы жалғасуда. 2016 жылы оның еуропалық архитектураның үздік дәстүрлері бойынша салынған үш ғаламат нысаны таныстырылды. «Италия орамы», England және Barcelona тұрғын үй кешендерінің құрылысы жалғасуда.

Еліміздің басты алаңында орын тепкен Millennium Park тұрғын үй кешенінің бірнеше блогының құрылысы аяқталуға жақын. Бүгінгі күні «Омар Хайям үйі – 2» пайдалануға берілді, «Шекспир үйі – 2» тапсыруға дайындалуда, ал, «Да Винчи үйі – 2» құрылысы жалғасуда.

Әрине, осы жылдың басты уақиғасы – EXPO-2017 елордалық жылжымайтын мүлік нарығын айналып өте алған жоқ. Осынау айшықты шара әсер еткен арихитекторлардың жобалары көп күттірген жоқ. Жігерлі де қазіргі заманға сай адамдарға арналған EXPO Plaza тұрғын үй кешені көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбына толығымен сай келеді. Себебі, ол «жасыл» стандарттар мен энергия үнемдеу технологиялары қолданыла отырып салынуда. EXPO Plaza құрылысын аяқтау 2017 жылдың наурыз айына жоспарланған.

25 жылдығын атап өткен «БАЗИС-А» компаниялар Тобы қол жеткен жетістіктерге тоқмейілсімек емес, ілгері жылжи бермек!

Компанияның тұрғын үй кешендерінде өмір сүрудің жаңа бірегей тұжырымдамасын жасау мен дамыту идеясы 2017 жылы да жалғасады – «БАЗИС-А» компаниялар тобы жаңа ауқымды жобалардың құрылысын бастамақ!

Достарымыз бен серіктестерімізге қолдауы үшін, ал, клиенттерімізге бізге көрсеткен сенімі үшін алғысымызды айтамыз! Жаңа жыл жетістіктерге жету

жылы болғай, жаңа ұмытылмас жеңістерге толы жыл болғай және Сізге татулық пен келісім, жылылық пен жайлылық, бақыт пен амандық сыйласын!