13 желтоқсан 2016 ж.

«БАЗИС-А» салған өнер ордасы

Өткен демалыс күндері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жаңа «Астана балет» театры ашылды. Театрды «БАЗИС-А» компаниялар тобына кіретін «БАЗИС» құрылыс компаниясы салған.

Елордада «БАЗИС» компаниясы салған тұңғыш астаналық жаңа театрдың бірінші маусымы бразилиялық хореограф Рикардо Амарантенің қойылымымен ашылды. Бір актілі Diversity балеті мен «Астана балет» репертуарының үздік номерлері театрдың ашылуына келген көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

«Браво! Өнерпаздарымыз тамаша өнер көрсетті! Оркестр шұңқыры да, музыканттар да назар аударуға тұрарлық. Барлығы өте жоғары деңгейде болды! Театрдың жаңа заманға сай салынған залы керемет жарық және визуалды қондырғылармен жабдықталған. Әлемдік танымал мюзиклдер келіп өнер көрсетеді деп ойлаймын, бәлкім, мұны өз күшімізбен жасармыз. Театрдың аумағы үлкен. Сәкілер қойылып, шыршалар отырғызылған. Жастар, отбасылар мен қала қонақтары жазда осы жерде уақытын жақсы өткізеді деп ойлаймын. Жақын маңда орын тепкен үйлердің тұрғындары да осында жиі келетін болады. Театрдан жақсы әсер алдым. Астанада тағы бір көрікті жер, жақындарыңды, туыстарыңды шақыруға болатын тағы бір орын пайда болды», - деп жазды «Астана балеттің» тұңғыш көрермендерінің бірі болған блогер Ерлан Сәкенов.

«Астана балет» театрына Орталық Азиядағы тұңғыш көпсатылы хореографиялық білім беретін толық циклды жоғарғы оқу орны – Қазақ ұлттық хореография академиясының ғимарат кешені әр береді. Мұндай оқу орны әлемде оннан аспайды. Осынау ғажайып ғимараттың құрылысы рекордтық қысқа мерзімде – небәрі бір жарым жылда салынып бітті. Архитектуралық ансамбль оқу, балет, тұрғын үй болктары мен театр ғимаратын біріктіреді.

Театрдың негізгі кіреберісі архитектуралық ансамбльдің оңтүстік бөлігінде орналасқан және ЕХРО-2017 нысандарына қаратылған. Қасбет декоративті элементтері бар, ұлттық нақыштармен көмкерілген травертиннен жасалған. Театрдың өне бойына ғимаратқа жеңілдік беретін ақ түсті табиғи тастардан жасалған әсем колоннада орналасқан. Кешкі мезгілде бүкіл конструкция жарықтандырылады. Көмескі жарық театрды қоршаған әдемі бағаналарға әсемдік бере түседі.

Архитектуралық ансамбльде классика хай-тек стиліндегі элементтермен әдемі үйлескен. Бұл – ғимаратқа бірегейлік береді. Аумақты абаттандыруда энергия үнемдеу арқылы жарықтандыру, авторлық стильдегі ландшафтты дизайн, қазіргі заманғы ыңғайлы паркинг секілді әрбір деталь мұқият ойластырылған.

Жаңа театрдың ғимараты – «БАЗИС-А» компаниялар тобының құрылысшылары мен жобалаушыларының біліктілігінің арқасында жасалған Қазақстандағы ең техникалық жетілдірілген және әмбебап мәдениет нысандарының бірі.

Көрермен залы классикалық ярусты сызбамен жасалған және 800 орынға есептелген. Әсем шамдалдар, ыңғайлы жұмсақ креслолар, иленіп салынған оюлары бар қабырға декоры сән-салтанатымен таңқалдырады.

 

«Жаңа «Астана балет» театрында өзге кез-келген театрлардағы секілді ең басты орын – ол сахна. Сондықтан, театрға алғаш кіргенімізде-ақ сахнаға шығар сәтті күттім. Біздер, әртістер үшін бұл ерекше, қасиетті орын. Ол жерге қадам басқан сәттен-ақ мүлдем басқа әлемге тап боласың. Үлкендігіне қарамастан сахна жан-жақты ойластырылған. Билегенге өте ыңғайлы. Бұған қоса, сахна соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған. Сахна сыртында станоктар мен айналарға арнап арнайы бөлінген орын бар. Былай қарағанда ұсақ-түйек нәрсе сияқты, алайда, әртіс үшін бұл өте маңызды орын –спектакльге өз-өзіңді дайындап, қойылымнан басқа нәрсені ойламауға көмектеседі. Акустиканы атап өткім келеді. Бұл сахнада оркестр мен рояльдің үні өте жақсы шығады. Әлі есімде, алғашқы спектакль болатын, спектакльді мен аштым, алғашқы минуттан-ақ музыканың ауаны, айналамдағы кеңістікті баурап әкеткенін сезіндім. Бұл – өмір бойы есімде қалатын өте толқынысты сәт еді. Сондықтан, бұл жаңа сахнаға бірден бауыр басып кеттік», – дейді «Астана балет» театрының солисті Дилара Шомаева.

Театр сахнасы декорацияны бір сәтте ауыстырып, жалпақ сахнаны үш ярусты сахнаға алмастыратын жылжымалы көтеріп-түсіретін механизмдермен, оркестр шұңқырларымен, әлемдік танымал өндірушілердің видеопроекциялық және жарық қондырғыларымен жарақталған. Сахнаның техникалық параметрлері мен мүмкіндіктері (аумағы 536 м2) әлемдік деңгейдегі кез-келген күрделі театрлық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Балет және опера спектакльдері, симфониялық және эстрадалық концерттер, қазіргі заманғы шоулар мен мюзиклдар – талғампаз көрерменді нағыз рахатқа бөлейтін болады.

«Бұл театр – Қазақ ұлттық хореография академиясы кешенінің бір бөлігі. Оқу жылының бас кезінде негізгі ғимарат пен оқу корпустары тапсырылған, театр корпусы енді беріліп отыр. Бұл әмбебап театр ғимараты Қазақстанның бүкіл хореография өнеріне қызмет ететін болады, мұнда балет және театр труппаларының, драма театрларының қойылымдарын, сондай-ақ, мюзиклдар қоюға болады. Театр өнерінің толық спектрі ұсынылатын болады. Театр әйгілі «БАЗИС-А» құрылыс корпорациясы ұжымының үлкен еңбегімен салынды. Осындай сыйлығы үшін «БАЗИС-А» компаниясына айтар алғысымыз шексіз», – дейді «Астана балет» театрының директоры Валерий Күзембаев.

 

Театр ғимаратында барлығы тек көрермендер үшін ғана қарастырылмаған. Репетиция залдары, жарық грим бөлмелері, ыңғайлы киім ауыстыру бөлмелері муза қызметшілеріне ыңғайлы болып, шығармашылық шабыт беру үшін ұсақ-түйекке дейін ойластырылып жасалған.

«Театр 6 қабаттан тұрады. Әрқайсыы 400 шаршы метр болатын екі үлкен репетиция залы, барлық қажетті нәрселермен жарақталған грим салу бөлмелері, арнайы киім ауыстыру бөлмелері, декорациялар залдары секілді басқа да көптеген әртістерге қажетті жайлар кешені бар», – дейді «БАЗИС» компаниясының құрылыс жөніндегі директоры Талғат Жансейітов.

«Астана балет» театрының әлемнің үздік балет сахналарынан кем түспейтіні даусыз. Театр Астананың мәдени орындары картасындағы өнер орталығы болады, ал, «БАЗИС» құрылыс компаниясы салған Қазақ ұлттық хореография академиясының кешені отандық классикалық би өнерін әлемдік деңгейге шығарады деп сенімді түрде айта аламыз.