27 желтоқсан 2016 ж.

«БАЗИС-А»: Жаңа жыл құтты болсын, қоныс құтты болсын!

Өткен сенбіде Almaty Arena мұз сарайына қарсы орналасқан «БАЗИС-А» Корпорациясының «АЛМАЛЫ» жаңа тұрғын ауданы бірінші кезегінің тұрғындары қоныс тойын тойлады.

Сазды әуен төгіліп, ұлттық дәм ұсынылып, «шашу» шашылған» көңілді, шуақты, отбасылық мереке «БАЗИС-А» Корпорациясының «АЛМАЛЫ» тұрғын ауданы қоныс иелерінің көңілінен шықты. Тұрғындар бір-бірімен танысып, қалай көрші болғандарын айтысып жатты.

- «АЛМАЛЫ» тұрғын үй кешені туралы жарнамадан білдім, қызыма осы жерден пәтер сатып алуды ұсындым. Бұл аудан маған ұнайды, «АЛМАЛЫның» аумағы өте жақсы, бағасы да қолжетімді, – дейді кешеннің жаңа қоныс иелерінің бірі Зылиха Өксімбаева.

- Қызым екеуміз пәтерді «АЛМАЛЫдан» алдық, себебі, бізге бұл аудан қатты ұнайды. Үйміздің дәл қарсысында Мұз сарайы тұр – дейді Саёра Хашимова. – Бір ғана нәрсеге сәл өкіндік – сатып алған пәтеріміз бір бөлмелі – маған бұл тарлық ететін секілді, сондықтан, мен қазір дәл осы үйден үш бөлмелі пәтер қарастырып жатырмын».

«АЛМАЛЫ» алматылықтар арасында тез танымал болып үлгерді – жаңа қоныс иелерінің арасында екі бірдей қазақстандық өнер иесі – Данияр Төлбасов пен халық әртісі Өктем Алтаев та бар. Олар өздерінің жаңа көршілеріне арнап әйгілі композицияларын орындап берді.

- Жаңа көршілеріммен танысқаныма өте қуаныштымын. Енді осы үйге тезірек кіріп, қоныс тойын тойлауды нәсіп етсін, – деді Өктем Алтаев. - Біз келісім-шартқа мамыр айында қол қойғанбыз, ал, қазір уәде еткендей желтоқсан айында пәтерлерімізге кіруге мүмкіндік беріліп отыр».

Жаңа қазіргі заманғы «АЛМАЛЫ» тұрғын ауданы Алматының дамып келе жатқан Алатау ауданында Б.Момышұлы көшесінің бойында, Рысқұлов даңғылының солтүстік тұсында Almaty Arena мұз сарайының қарсысында салынуда. Үйлердің ашық түсті әдемі қасбеттері мерекелік көңіл-күй сыйлайды, терезелерден таулардың әдемі көріністері көрінеді, ал, мұндағы ауа қаладағыдан анағұрлым таза. Тұрғын ауданның кең үйлері балаларға қолайлы, мұнда қазірдің өзінде балалардың ойын кешендері мен көше спорттық жаттығу құралдары орнатылған. Ал, жолдың қарсы бетінде орын тепкен Almaty Arena бүкіл отбасының спортты серік етуіне мүмкіндік береді.

- Біздің назарымызды тұрғын үй кешенінің Мұзды аренаға жақын орналасуы аудартты. Екі баламыз бар, балам үшін денсаулығына байланысты оның мәнерлеп сырғанаумен немесе хоккеймен айналысуы – өте маңызды. Бұл – жаңа үй, мұнда балалар алаңы бар, бұған қоса, бағасы да қолжетімді – біз екі бөлмелі пәтерді осы кешеннен сатып алғанымызға өте қуаныштымыз, – дейді «АЛМАЛЫның» тағы бір тұрғыны Эльмира Кулакова.

 

«БАЗИС» Құрылыс компаниясы салған Мұз сарайында балалар хоккей мен мәнерлеп сырғанаудан басқа жүзумен, көркем гимнастикамен, бокспен, күреспен және спорттың басқа да көптеген түрлерімен айналыса алады.


Жаңа қоныс иелерінің айтуынша, «АЛМАЛЫ» өте ыңғайлы орналасқан. Дамыған көлік инфрақұрылымынан және қаланың кез-келген тұсына кептеліссіз жету мүмкіндігінен өзге тұрғын ауданға жақын жерде 7 мың адамдық жаңа мешіт салынуда. «АЛМАЛЫдан» екі аттам жерде Magnum Cash&Cary, ірі сауда-ойын-сауық орталықтары мен арнайы ХҚО орналасқан.

«АЛМАЛЫ» аумағында 400 орындық жеке балабақша салынып жатыр. Оқушылар үшін тұрғын үй кешеніне жақын маңда жаңа мектеп бар. Үйлердің бірінші қабаттары әлеуметтік, коммерциялық және ойын-сауық инфрақұрылымына арналған.


«АЛМАЛЫ» пәтерлері сатып алушының қалауы бойынша дайын немесе бастапқы әрлеуімен беріледі. Қоныс иелерінің айтуынша, дайын күйінде берілген пәтерлер әрлеуді басынан бастағанға қарағанда арзан түседі.

Сапалы материалдарды қолдана отырып жасалған классикалық әрлеу отбасыларының жиһаздарды өздері әкеліп, Жаңа жылды өз пәтерлерінде қарсы алуына мүмкіндік береді. Ал, пәтерлерді әрлеусіз алғандарды интерьер жасаудың көңілге қуаныш ұялатар қамы күтіп тұр.

Бүгінгі күні «АЛМАЛЫдан» аумағы 34 м2 мен 75 м2 болатын дайын немесе әрленген 1, 2 немесе 3 бөлмелі пәтерлерді 8,3 млн теңгеден басталатын қолжетімді бағаға сатып алуға болады.

«АЛМАЛЫ» тұрғын ауданы – мұнда өмір сүргің келеді!