7 наурыз 2017 ж.

Халықаралық әйелдер күнімен!

Аяулы арулар мен сұлулар, сіздерді ең шуақты мереке – 8 Наурызбен құттықтаймыз!

Сіздердің әдеміліктеріңіз, әсемдіктеріңіз, нәзіктіктеріңіз бен махаббаттарыңыз шабыттандырып, қанаттандырсын! Муза болыңыздар! Және тек бүгін ғана емес…

Өмірлеріңіз жарқын да шұғылалы болғай, мейірім мен ықылас, қошеметтер, гүлдер мен сыйлықтар дәл бүгінгі тамаша күндегідей мол болсын!

Сіздерге үйлесімді ғұмыр, шексіз бақыт, баянды махаббат пен мәңгілік көктем тілейміз!