17 наурыз 2017 ж.

Көшіп кір де - тұра бер!

Әдетте жаңа үйден пәтер сатып алғанда қандай әрлеумен алған дұрыс: бастапқы әрлеумен бе әлде, ақтық әрлеумен бе деген сауал тұрады. Дұрыс таңдау жасау үшін әрбір нұсқа жайында толық ақпарат алу қажет.

Бастапқы әрлеудің артықшылықтары неде? Біріншіден, бастапқы әрлеуі бар пәтерлер біршама арзан, дегенмен келешекте жасалатын жөндеу жұмыстары бұл баға айырмашылығын жойып-ақ жібереді. Екіншіден, әрлеу материалдары мен санфаянсты өз қалауыңыз бойынша таңдауға болады. Үшіншіден, өзіңіздің дизайнерлік қабілетіңізді байқатуға мүмкіндік бар. Бірақ айтарлықтай минусы да жоқ емес: «қара қорапты» жайлы ұяға айналдыру үшін білікті және жұмысты адал істейтін бригада табу қажет. Ашығын айтуымыз керек – бұл оңай шаруа емес. Және бүкіл процессті өзіңіздің жеке бақылауыңызға алуыңызға тура келеді.

«БАЗИС-А» плитка төсеу, қабырғаларды тегістеу мен құрылыстың басқа да бас қатырар шаруаларына қанығуға уақыты тапшы сатып алушылар үшін ақтық әрлеуді ұсынады. Оның үстіне құрылыс салушының әрлеуі Сізге жөндеу жұмыстарын қажет ететін бастапқы әрлеуден арзанға түседі, себебі құрылыс салушы құрылыс және әрлеу материалдарын көтерме бағамен сатып алады, ал Сіздің оларды бөлшек бағамен сатып алуыңызға тура келеді.

Бұрын сатып алушылар материалдар мен атқарылған жұмыстардың сапасы алдын ала айтылғандағыдай болмай шығуы мүмкін деп қауіптенетін. Алайда бұл мәселеде де құрылыс салушылар оңды шешім ұсынды.

Мәселен, «БАЗИС-А» Корпорациясы «Алмалы» тұрғын үй кешенінде демонстрациялық пәтерлерді ұсынады, ол жерден ақтық әрлеудің соңғы нұсқасын көруге болады. Не сатып алып жатқаныңызды нақты білесіз, өз көзіңізбен көріп, тіпті қолыңызбен ұстап та көре аласыз. Ашық түсті дизайн, қолайлы материалдар, танымал өндірушілердің толымдаушылары мен санфаянсы - көпшілік көңілінен шығатын әмбебап шешім, ал өз үйіңді ерекше ету – қызықты әрі барлығының қолынан келетін жұмыс.

«БАЗИС-А» Корпорациясының ақтық әрленген пәтерлері – діңкелетер жөндеу жұмыстарынан құтқаратын тамаша мүмкіндік әрі уақытын бағалайтындар және кілтті ала салысымен жаңа пәтерге көшіп кіруді қалайтындар үшін мінсіз шешім.