26 қыркүйек 2017 ж.

«ЛЕГЕНДА» ерекше орамы тұрғын үй құрылысына кепілдік беру Қорының кепілдігіне ие болды

Алматыда «БАЗИС-А» Корпорациясының «ЛЕГЕНДА» ерекше орамының 1-ші кезегіне (алты көпқабатты үй) тұрғын үй құрылысын кепілдендіру Қорының кепілдігін ұсыну жөнінде келісімге қол қойылды.

 «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру Қоры» АҚ басқарма төрағасы Дәурен Оңаев атап өткендей, «Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу туралы Заң» қабылданған тұста «БАЗИС-А» Корпорациясы үлестік құрылыс нарығындағы жаңа талаптарға анағұрлым дайын болып шықты. Қор кепілдігі үлескерлердің салымдарының сақталуын қамтамасыз етуге және құрылыстың белгіленген мерзімде аяқталуына кепілдік беруге бағытталған.

 «ЛЕГЕНДА» ерекше орамы Алматыда, Абай даңғылы мен Манас көшесінің қиылысында орналасқан. Бірінші кезек 14, 15, 16 қабатты алты үйден тұрады. Аумақта екі балабақша салынып, ашық аспан астындағы ойын-сауық саябағы жасалады. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2018 жылдың IV тоқсаны. Жоба туралы http://legenda.kz/ сайтынан жан-жақты білуге болады.