7 мамыр 2018 ж.

Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!

Халықтың өшпес ерлігіне ізет, қошемет пен шексіз құрмет көрсете отырып қазақстандықтарды Жеңіс мейрамымен құттықтаймыз! 
 
Ұлы Жеңістің оңай келмегенін, осынау жарқын күнді жақындату үшін майданда шайқасқандар мен тылда еңбек еткендерден қаншама қажыр-қайрат пен ерліктің талап етілгенін ұмытпау ортақ борышымыз. Жер бетіндегі бейбітшілік жолында ғұмырын қиған Батырлар мәңгі жадымызда және құрметтейміз. 
 
BAZIS-A қазақстандықтарға бейбіт өмір мен тұрақтылық, құрмет пен өзара түсіністік, бақыт пен аман-саулық тілейді!