13 наурыз 2017 ж.

Сенсация! Алматыдағы бағасы 6 миллион теңгеден басталатын пәтерлер!

Өз баспанаңның болуы хақындағы арманды «БАЗИС-А» Корпорациясының теңдессіз жобасы - 6 миллион теңгеден басталатын бағасы көкейге қонымды жайлы пәтерлері бар «АПОРТ» жаңа тұрғын ауданы жақындата түспек!

«АПОРТ» өте оңтайлы орналасқан. Тұрғын үй кешені Алматының көліктік қолжетімділігі жақсы келешегі кемел ауданында – Райымбек даңғылының бойында, Aport Mall-дың қарсысында салынып жатыр.

«АПОРТ» тұрғын ауданының тоғыз қабатты үйлері жайлы жабық аулаларды құрайды. Әрбір жаңа үй қасбеттердің өзіне тән декоративтік безендірілуімен ерекшеленеді. Бір-біріне ұқсамайтын, әдемі де фактуралы олар көңіл-күйді көтереді, шаңырақтың жылуы мен жайлылығын берік сақтайды.

Мұнда екі балабақша, мектеп пен стадион, әткеншектері мен сырғанақтары бар балалар қалашықтары, жаттығу құралдары кешені мен спорттың белсенді түрлеріне арналған алаңдары бар спорт аймақтары, серуендеу аллеялары мен демалыс орындары, үлкен әрі ыңғайлы автотұрақ секілді өміріңізді жайлы етуге қажеттінің барлығы қарастырылған.

«АПОРТ» тұрғын ауданының үйлерінде бастапқы және ақтық әрлеумен берілетін аумағы 27,7 м2 мен 59 м2 аралығындағы 1, 2, 3 бөлмелі пәтерлер бар. Жоспарлауда үлкен әрі тату отбасыларының, жас жұбайлардың, студенттердің барлық ерекшеліктері мен қажеттіліктері ескерілген. Тіпті аумағы шағын пәтердің өзі – жайлы, ойластырылған және ең бастысы сіздің өмір сүруге арналған жеке кеңістігіңіз.

Сатып алушылардың таңдауына құрылыс аяқталғанға дейін компанияға бөліп төлеу, ипотека және қазақстандық құрылыс салушылар арасында баламасы жоқ «50 де 50» төлем түрі секілді төлеудің ыңғайлы жолдары ұсынылған. «АПОРТ» тұрғын ауданынан пәтер сатып алу үшін қолыңызда оның құнының небәрі 50%-і болса болғаны, оны келісім-шартты бекіткен кезде төлейсіз. Қалған 50%-іне құрылыс біткеннен кейін ипотека ала аласыз.

«БАЗИС-А» Корпорациясының көкейге қонымды бағасымен жеке пәтерге ие болыңыз!