10 қараша 2017 ж.

Сіздер үшін тағы не сала аламыз?

Өтіп бара жатқан 2017 жылы BAZIS-A Алматы мен Астана тұрғындарына көптеген жаңа нысандарды сыйға тартты. Бірнеше жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысы табысты басталды және бірнешеуін салу жұмыстары жалғасты. Олар қазірдің өзінде өз клиенттерінің жоғары бағасына ие болып үлгерді.

Бүгінде Қазақстанда пәтер сатып алу кезінде жеке инфрақұрылымы бар тұрғын үй кешендерін көбірек таңдайтын сапалы құрылыстың бағасын білетіндер көбейіп келеді. Алматыда ELEMENT, ORION және «Легенда» тұрғын үй кешендерін салу – ең айырықша жобалардың бірі. Әрбір жоба мінсіз баспана өлшемі матрицасына тез кірігетін және клиенттердің жаңа пәтер таңдауда дұрыс шешім қабылдауына көмектесетін жарқын да айырықша өзгешеліктерге ие.

Бүгінгі күні ұсынылып отырған тұрғын үй кешендері арасынан пәтер сатып алып үлгірмеген немесе өз қалауына қол жекізе алмағандар үшін BAZIS-A-ның жағымды жаңалығы бар! Таяуда солтүстік және оңтүстік Астана тұрғындарына үш жаңа жоба ұсынылады. Олар алдыңғы қатарлы құрылыс салушының сапалы үйлері сіздің ұдайы назарыңызда жүргені жөн екендігін тағы бір рет еске салмақ.

2017 жылдың соңында Астанада Astoria және Amulet тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталады. Astoria тұрғын үй кешені елорда тұрғындарына ең жылы да берік ғимараттардың бірі ретінде таныс көрнекті «Салтанатты» жобасының жарқын жалғасы болмақ.

Amulet бүкіл көршісін етене танығысы келетіндер, орнықты стильді ұнататындар мен баспананың жоғары жайлылығын бағалайтындарға ұнайтыны сөзсіз.

Сондай-ақ, Алматы тұрғындарына «JAZZ-квартал» атты тамаша жоба ұсынылмақ. Ол қаланың орталығында орналасқан және заманауи тұрғын үй кешені артықшылықтарының молдығымен ерекшеленеді.

Жаңа жылды BAZIS-A ұсынып отырған үздік тұрғын үй кешендерінің бірінен пәтер сатып алу туралы шешім қабылдаудан бастаңыз.