7 наурыз 2018 ж.

Халықаралық әйелдер күнімен!

Қымбатты арулар!
 
Сіздерді көктемнің ең шуақты мерекесі - 8 Наурызбен құттықтаймыз! 
 
Сіздерге әсемдік пен денсаулық, ашық аспан мен шаттық, табыс пен молшылық тілейміз! Өміріңіз қашанда қамқорлыққа, құрметке, гүл шоқтары мен сыйлыққа толы болсын! Өздеріңіз бен айналадағыларға сұлулықтарыңыз бен әсемдіктеріңізбен, жеңістеріңіз бен жетістіктеріңізбен шабыт сыйлаңыздар! Сүйікті және бақытты болыңыздар! Және қашанда өмірден ләззат алыңыздар!