9 сәуір 2018 ж.

Жаңа «Легенданы» қарсы алыңыздар

«Жаңа черемушкалар» мен «үшінші құрылысшылар көшесі» рухындағы типтік құрылыс дәуірі келмеске кетіп, оның орнына қаланың келбеті мен мегаполис тұрғындарының санасын өзгертетін архитектуралық жобалар келіп жатыр…

Қала құрылыстарынан тек жарқын архитектуралық өрнегімен, танымалдылық қоршауымен , ғана емес, сонымен қатар, орам тұрғындарына арналған өмір салтымен де өзгешеленетін «Легенда» ерекше орамы – оңтүстік астана өміріндегі үлкен уақиға.

«Легенданың» оңтайлы орналасуы – тұрғын үй кешенінің ерекшеліктерінің бастысы. Әрбір алматылыққа таныс Манас пен Ш. Шокин (бұрынғы Мирзоян) көшелерінің арасындағы аудан көлік қолжетімділігі (метроның жақындығын ескергенде) мен Globus СОО, Б. Шолақ атындағы спорт Сарайы, «Қиял әлемі» саябағы мен цирктің жақын орналасуының арқасында белсенді өмірге қолайлы.

«Легенданы» бірден байқайсыз және оны өзге тұрғын үй кешендерімен шатастыра алмайсыз. Фактуралардың араласуы, түстердің, формалар мен көлемдердің әр алуандығы, витражды ендірмелер – жаңа әсерге бөлену үшін кеңістік пен уақытқа сіңіп кеткендей күйде боласыз. Таңқалуға дайындалыңыз!

Сіз тап болатын саябақ Алматыдағы бір де бір аулаға ұқсамайды. Формасы өзгеше жас көшеттер, субұрқақтар, серуендеу аллеялары, ұзындығы 900 метр жүгіру және велосипед жолақтары. Велосеруен әуесқойлары кешеннің ішкі аумағында автокөлікпен немесе жаяу жүргіншілермен соқтығысып қалу қаупінен ада күйде велосипед тебе алады. Work-out пен ойын алаңдары – қашанда тұрғындардың иелігінде, демек, жасыл оазистің игілігін оның арғы жағында шулы және шаң-тозаңы көп шахар тұрғанын бір сәт ұмыта отырып тәулігіне 24 сағат көруге болады.

Жоба авторлары орам үйлерінің орналасуын олардың барынша өзгеше бола отырып самал соғатындай және өзінің микроклиматында мүмкіндігінше жайлы болатындай етіп ойластырған. Ерекше жайлылық идеясы орамның ішінде де жалғасын табады. Аумағы 38 м2 мен 120 м2 аралығындағы 1, 2, 3, 4 бөлмелі пәтерлер барынша ыңғайлы. Қосымша ванна бөлмелері бар, төбесі биік, терезелері үлкен және панорамалық витражы бар кең қонақ бөлмелері мен жайлы жатын бөлмелерде оңаша жеке кеңістік жасау қиындық тудырмайды. Қаланың панорамасы мен тау шыңдарын кешеннің фитнес-орталығындағы жаттығуға немесе йогамен және artdancing-пен айналысуға асықпай-ақ үлкен терезелерден тамашалауға болады. Балалар - балабақшада («Легендада» екі балабақша бар), оларды алу үшін ауладан өтсе жетіп жатыр. «Темір тұлпарыңыз» үшін жерасты паркингінің жайлы болатыны анық.

Бұл – Сіздің ерекше әрі бұзылмас әлеміңіз, оның беріктігіне күмән келтірмесеңіз болады. Тұрғын үй кешенінің құрылысына тек төзімді материалдар қолданылды. Қасбеттер CREATON TONALITY керамикалық панельдерімен және Германияның RONSON табиғи клинкерлерімен қапталған. Астыңғы қабат табиғи гранитпен тысталған. Сіздің «Легендаңыз» 50 жылдан кейін де нысан пайдалануға берілген күнгідей жарқырап тұратын болады.

«Легенда» – жылжымайтын мүлік нарығындағы ұсыныстың молдығына қарамастан таңдау жалғыз – қарабайыр шешімдер мен қарадүрсінділікке ешқашан жол берілмейтін ерекше орамды таңдайсыз. Өзгешеліктер мен үздіктердің барлығы тек Сіз үшін!