Meridian тұрғын үй кешені Астананың болашағы үлкен және экологиялық таза ауданында, Сығанақ көшесі, Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарының шаршысында орналасқан. Мұндай орналасу қозғалыс пен орын таңдауда өзіңізді шектемей жылдам әрі еркін болуыңызға мүмкіндік береді.

Meridian – бүкіл аула орналасқан стилобатпен біріктірілген екі биік ғимараттан тұратын тұрғын үй кешені. Шуыл мен қаланың қарбаласынан қорғалған жайлы аулада спорт пен демалысқа уақыт бөле аласыз. Ал балаларыңызға балалар алаңының ұнайтыны анық – мұнда көңілді ойынға қажеттінің бәрі бар.

Тұрғын үй кешенінің стилобатты бөлігінде дүкендер, сұлулық салондары, дәріханалар мен басқа да инфрақұрылым нысандары болады. Осынау мини-сауда орталығына тап болу өте оңай, шопинг, демалыс пен ойын-сауық иіріміне сүңгу үшін лифтпен төмен түссе жетіп жатыр.

Аумағы 60,5 м2 мен 129,6 м2 болатын кең де жарық 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлер жайлы да ұтымды жоспарланған, қосымша ванналар, қосалқы жайлары бар асүйлер, кір жуатын бөлмелер, гардероб жайлары мен шыныланған лоджиялар қарастырылған.

Meridian тұрғын үй кешені Астананың болашағы үлкен және экологиялық таза ауданында, Сығанақ көшесі, Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарының шаршысында орналасқан.
Толық ақпарат алу үшін сұранысты толтырыңыз