Шипажайдағы өмір!

ROYAL GARDENS тұрғын үй кешені өмір сүру үшін мінсіз жерде орналасқан! Бір жағынан, оның қала шектерінде, Әл-Фараби даңғылынан бірнеше минуттық жерде орналасуы, ROYAL GARDENS тұрғындарына қаланың іскерлік бөліміне дейін жылдам және кептеліссіз жетуге мүмкіндік береді. Басқа жағынан, Іле Алатауының тамаша тауларының айналасында, тау үстіртінде орналаса отырып, қала түтінінен жоғары және шын мәнінде шипажай атмосферасымен қоршалған.

ROYAL GARDENS сәулеті қоршаған табиғатқа қайшы емес. Табиғи материалдар, қасбеттердің жұмсақ табиғи түстері кешен үйлеріне айналасындағы ландшафттың бір бөлігі болуға мүмкіндік береді.

ROYAL GARDENS тұрғын кешені Алматы қаласының жоғарғы бөлігінде Іле Алатауының етегінде, Дулати көшесінің жоғарғы жағында орналасқан.
Толық ақпарат алу үшін сұранысты толтырыңыз

Тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды.

Тұрғын үй кешенінің атауы да кездейсоқ таңдалмаған. ROYAL GARDENS аумақты көгалдандыруға ерекше назар аударылған. Мұнда бір жарым мыңнан астам ағаш, он бес мыңдай бұталар мен көптеген гүлдер отырғызылылады. Кешен көгалға батып, гүлдердің хош иісіне малынады.

Жер бедерінің табиғи ауысуы көркем альпілік төбешіктермен жақсартылады. Дизайнерлер күшімен жасалған жаппалар мен перголдар амур жүзімімен шырмалған. Таза ауада барбекю жасауға арналған арнайы алаңдар да бар!

ROYAL GARDENS жыл бойы шипажай атмосферасында, мұнда Сіздің минут сайын өмірден ләззат алуыңыз бен шынымен демалуыңыз үшін барлығы жасалған. ROYAL GARDENS ашық аспан астында бассейні бар тамаша SPA-аумақ, стритбол, волейбол және футбол ойнауға арналған бірнеше алаң, велосипед жолдары, теннис корты және ролледром орналасатын болады.

Жобаны жасау кезінде қоршаған табиғат сұлулығымен шабытталған сәулетшілер маңызды бөлшектерді қарастырды, ROYAL GARDENS сәулетінің басты элементтерінің бірі – үлкен панорамалық терезелер, биік төбелер және ашық террасалар болды. Бұл сәулет әдістері тау көрінісіне, күн жарығының төгілуіне және таза тау ауасымен сүйсінуге мүмкіндік береді.

ROYAL GARDENS тау үстіртінде орналасуының және периметрі бойынша қоршалуының арқасында, кешен тұрғындарына өмір сүрудің жекеленуі қамтамасыз етілген, бөтендердің мұнда кіру мүмкіндігі жоқ.

ROYAL GARDENS – жай ғана тұрғын үй кешені емес, Қазақстанға келген шипажай аумағындағы өмір сүрудің жаңа мәдениеті.