ASTORIA тұрғын үй кешені қарқынды дамып келе жатқан ауданда, Есіл өзенінің сол жағалауында, Сарайшық пен Тұран даңғылдарының қиылысында, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының қарсысында орналасқан.

ASTORIA түрлі қабатты ғимараттар кешенінен тұрады. 19, 16, 12 қабатты үш ғимарат екі деңгейлі пайдаланылатын подиум-стилобатпен және галереялармен біріктірілген, солар арқылы бір ғимараттан екіншісіне сыртқа шықпай-ақ өтуге болады.

Ғимараттардың бірінші қабаттарында фитнес-зал, джентелмен-клуб, балалардың ойын кеңістігі бар қоғамдық орталық орналасқан.

Абаттандырылып, көгалдандырылған аулалық аумақ подиум-стилобатта орын тепкен және өне бойына биіктігі 2 метр қорғаныш қоршаумен қоршалған – отбасыңыздың қауіпсіздігіне алаңдамауға болады.

Серуендеу аллеялары, демалыс орындары, балалардың ойын кешендері, спорт алаңдары мен street workout – мұнда таза ауада серуендеуге керектінің барлығы бар.

ASTORIA тұрғын үй кешенінде таңдауыңызға 2, 3, 4 бөлмелі пәтерлер бар. Жоспарлық шешімдерді әзірлеу кезінде барлығы ескерілген. Сәнді әрі жайлы үйге қажеттінің бәрі бар: төбесінің биіктігі 3,15 метр кең бөлмелер, керемет көріністер ашылатын үлкен терезелер, қосалқы жайлары бар асүйлер, қосымша ванна бөлмелері, кір жуатын жайлар, гардероб бөлмесі мен шыныланған лоджиялар.

ASTORIA тұрғын үй кешені қарқынды дамып келе жатқан ауданда, Есіл өзенінің сол жағалауында, Сарайшық пен Тұран даңғылдарының қиылысында.
Толық ақпарат алу үшін сұранысты толтырыңыз