ELEMENT тұрғын үй кешені Алматының оңтүстік-батыс бөлігіндегі экологиялық таза ауданда, MEGA СОО жанында Тәжібаев пен Есқараев көшелерінің қиылысында орналасқан. Тұрғын үй кешенінің жанында «Қайрат» ФК жаттығу алаңдары, кәсіби ержүректер клубы, фитнес-орталық, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, физика-математика мектебі орын тепкен. ELEMENT тұрғын үй кешенінің сегіз 12 қабатты үйі – оңтүстік астананың қалалық архитектурасындағы жарқын шешім. Үйлерді көкшіл, сарғыш және сұр түсті декоративті футуристік элементтері бар дизайн ерекшелейді. Шынымен қапталған лоджиялар мен балкондар пәтерлерді жарық пен жылуға толтырады, ал, үлкен терезелерден Іле Алатауының әдемі көріністері алақандағыдай көрінеді.

ELEMENT тұрғын үй кешені MEGA СОО жанында Тәжібаев пен Есқараев көшелерінің қиылысында орналасқан.
Толық ақпарат алу үшін сұранысты толтырыңыз

Бірінші кезек құрылысының аяқталу мерзімі - 2018 жылдың 2 тоқсаны.

ELEMENT тұрғын үй кешенінің ішкі аумағында қоршаған табиғатпен үйлесімде өмір сүрудің мінсіз қалалық ортасы тақырыбы жалғасын табады. Тұрғын үй кешенінің саябақ бөлігінде әсем де шағын көпірі бар тоған жасалған. Аумақта экологиялық қауіпсіз төсеніштің үстіне орнатылған бірнеше балалар ойын кешені, доп ойынына арналған алаңқайлар мен қазіргі заманғы көшеге арналған спорттық жаттығу құралдары тұр. Аумақта әрқайсысы 64 орындық екі балабақша жоспарланған. Жерасты паркингтері мен қонақтарға арналған ыңғайлы автотұрақтар қарастырылған. Технологиялық жарақтандыру мен заманауи жүйелер баспананы ұстауға жұмсалатын шығынды бақылауға мүмкіндік береді. Тұрғын үй кешеніне кәсіби мекеме қызмет көрсетеді, ал, ELEMENT тұрғын үй кешеніндегі тыныш өмірге көпдеңгейлі қауіпсіздік жүйесі жауапты.