«Легенда» ерекше орамы Абай даңғылының бойында Манас пен Мирзоян көшелерінің ортасында, кез-келген алматылық үшін «тещин язык» деген атпен белгілі аты аңызға айналған ауданға жақын маңда орын тепкен. Бұл – бүгінде мегаполистің ең серпінді ауданына айналған «көне» Алматының жүрегі.

Бұл жерден сіз қаланың кез-келген бұрышына оңай және тез жете аласыз, Абай даңғылын солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтетін көшелердің көптігі діттеген жерге кептеліссіз жетуге қашанда таңдау ұсынады. Сонымен бірге, сіздің жаңа үйіңіздің жанында метроның «Әуезов атындағы театр» стансасы бар.

АҢЫЗДАР ҚОРШАУЫНДА

«Легенда» ерекше орамы аса оңтайлы орналасқан. Жанында – сауда-ойын сауық кешені бар көпфункционалды GLOBUS орталығы, жақын жерде – Multiplex заманауи қондырғысымен жабдықталған бес кинозалы бар AlmatyTowers көпфункционалды кешені, мейрамханалар, «Метро» спорттық-ойын сауық орталығы, Балуан Шолақ атындағы спорт Сарайы мен спортпен айналысуға көптеген мүмкіндіктер беретін Алматының Орталық стадионы тұр.

«Легенда» кешеніне жақын жерде орын тепкен Қастеев атындағы өнер Мұражайы, Алматы циркі, Әуезов атындағы драма театры, «Жас сахна» камералық театры оңтүстік астананың мәдени және шығармашылық әлеміне бас қоюға жол ашады. Ал жылдың жаз мезгілінде Сізді және Сіздің балаларыңызды «Қиял әлемі» саябағында шытырман уақиғалардың тұтас бір әлемі күтеді.

Тату отбасы үшін тағы бір даусыз басымдық – бірнеше балабақша, мектеп, гимназия мен жоғары оқу орындарының жақын орналасуы.

«Легенда» ерекше орамы Абай даңғылының бойында Манас пен Мирзоян көшелерінің ортасында орналасқан.
Толық ақпарат алу үшін сұранысты толтырыңыз

Бірінші кезек құрылысының аяқталу мерзімі - 2018 жылдың желтоқсан айы.

АҢЫЗҒА АЙНАЛАР АДАМ АЙТҚЫСЫЗ АРХИТЕКТУРА!

«Легенда» ерекше орамының архитектурасы – «нео-классицизмнің» «заманауи стильмен» стильденуі. Үйлерге сыртқы эстетикалық және ерекше әр беретін ірі декоративті панельдері бар стильді дизайн, шынының молдығы, қасбеттің табиғи кірпішпен қапталуы – «Легенданың» негізгі архитектуралық өзгешеліктері міне, осылар. Ал адам нанғысыз саябақты қоршау – енді сіздің күнделікті өміріңіздің бөлінбейтін бөлшегі! Стильді ландшафтты дизайн, «шексіз» субұрқақтар, бірегей мүсіндер, серуендеу аллеялары, жүгіру және велосипед жолдары, спорттық және ойын алаңдары – бұлар «Легенда» ерекше орамы аумағында Сізге арнап жасалып жатқан әсемдіктің тек аз ғана бөлігі.

«Легенда» тұрғын ауданының аулалары ерекше эстетикаға ие. Олардың архитектуралық-көркемдік шешімдері тақырып жағынан тек «Легенда» архитектурасымен ғана емес, сонымен қатар аула сонда тұратындар үшін жиналатын орын саналатын Алматының мәдени-тарихи дәстүрлерімен де байланысты. Кеңістіктің ұйымдастырылуын мұнда

көбіне әдеттегі қалалық аула немесе заманауи балалар алаңы емес, уақытты тамаша өткізгісі келетіндердің әрқайсысына арналған толыққанды саябақ еске түсіреді.

ЖАЙЛЫЛЫҚ АУМАҒЫ

«Легенда» орамының аумағы 38 м2 мен 120 м2 аралығындағы 1, 2, 3, 4 бөлмелі апартаменттері сапалы техникалық шешімдер қолданыла отырып өмір сүрудің заманауи стандарттары ескеріліп жасалған. Технологиялық жарақтандырылуы мен заманауи жүйелер баспанаңызды пайдалануға жұмсалатын шығынды бақылауға мүмкіндік береді. Орамның тиімді қызметі мен сапалы инженерлік-сервистік қызмет көрсетуін өзін жақсы жағынан танытқан ғимараттарға қызмет көрсету мекемесі қамтамасыз ететін болады. Көпдеңгейлі қауіпсіздік жүйесі «Легенда» орамының тұрғындары мен қонақтарына өздерін қауіпсіз сезінуге, отбасының амандығы мен дүниелерінің бүтіндігіне сенімді болуына мүмкіндік береді.

Автоәуесқойлар үшін «Легендада» кең жерасты паркигнгтері, қонақтар үшін даладағы паркингте тұрақ орындары қарастырылған.

* Кепілдік беру жөніндегі 22.09.2017 жылғы № ДПГ-17-02-001/002 келісім-шарт.Құрылыс салушы: «БАЗИС-А» Корпорациясы» ЖШС. Өкілетті компания: «KAT Construction» ЖШС.