«Акварель» тұрғын үй орамын маңында барлық қажетті инфрақұрылым нысандары - мектеп пен балабақшалар, банк бөлімшелері мен әсемдік салондары, медицина орталықтары мен жаттығу залдары, дәмхана мен мейрамханалар орын тепкен. «Акварельден» екі орам жерде Наталья Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Мемлекеттік академиялық орыс театры бар. Тамаша көлік қолжетімділігі мен Абай даңғылы бойындағы Сайран және Мәскеу метро стансаларының арқасында құрылыс жүріп жатқан аудан тұрғындар үшін мейлінше ыңғайлы.

«Акварель» тұрғын үй орамы жиырма бес он екі қабатты заманауи үйден тұрады. Жарқын декоративті әрлеу қазіргі заманғы жоғары сапалы материалдарды қолданана отырып жасалған. Кешен үйлерінің сейсмикалық беріктігі жоғары және 9 баллға дейінгі салмаққа төтеп бере алады.

«Акварель» тұрғын үй орамы Сәтпаев көшесінің бойында, Түркебаев және Тілендиев көшелерінің қиылысында, ADK СОО жанында орналасқан.
Толық ақпарат алу үшін сұранысты толтырыңыз

Бірінші кезек құрылысының аяқталу мерзімі - 2018 жылдың маусым айы.

Үйлердің өзгеше орналасуының нәтижесінде «Акварель» тұрғын үй орамының  жабық аулалары тыныш әрі жайлы. Декоративті плиткалардан төселген аяқжолдар мен алаңқайлар, ландшафтты дизайн элементтері мен әсем гүлзарлармен көмкерілген демалыс аймақтары еуропалық колорит береді. Жас тұрғындар үшін оңаша аулаларда арнайы төсеніштің үстіне орнатылған заманауи ойын кешендері мен спорт алаңдары дайын.

«Акварель» тұрғын үй орамының  әрбір деталі Сізге деген қамқорлықпен жасалған!

Бұл жарнама нақты тұтынушылардың сұранысын зерттеу мақсатында орналастырылды. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісім-шарттар кепілдік беру Қорымен кепілдік беру туралы Келісім-шарт бекітілгеннен кейін немесе жергілікті атқарушы орган үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат еткеннен соң ғана бекітіледі. Құрылыс салушы: «БАЗИС-А» Корпорациясы» ЖШС. Өкілетті компания: «MIRAS Building» ЖШС