«БАЗИС-А» Корпорациясының жаңа ауқымды жобасы "НҰРЛЫ ДАЛА" тұрғын ауданы Алматының Райымбек даңғылы бойындағы дамып келе жатқан, келешегі кемел ауданда, "НҰРЛЫ ДАЛА" ірі сауда-ойын-сауық орталығының қарсысында салынуда. СОО мен ірі көлік магистраліне жақын болуы жаңа ауданның орналасуын оңтайлы ете түседі.

Тұрғын ауданнан қашық емес жерде Алматыдағы ең ірі «Алтын орда» базары тұр. "НҰРЛЫ ДАЛА"  тұрғын ауданының үйлерінің орналасуы жайлы аула кеңістігін құруға септеседі. Қасбет әрлеуіндегі бояу түстері мен тұтастай алғанда "НҰРЛЫ ДАЛА"  тұрғын ауданының ұғынықты архитектурасы минимализмнің қазіргі заманғы әлемдік үдерістерінен хабар береді және оңтүстік астана архитектурасындағы жарқын басымдық болып табылады.

Қоршалған балалар алаңдары экологиялық жабынға орнатылған сырғанақтары, әткеншектері, далаға арналған спорттық жаттығу құралдары бар үлкен де жарқын қазіргі заманғы қалашықтардан тұрады. "НҰРЛЫ ДАЛА" тұрғын үй кешенінің ішкі аумағында серуендеу аллеялары мен демалуға арналған жайлы орындар қарастырылған.

"НҰРЛЫ ДАЛА" тұрғын ауданы Алматының Райымбек даңғылы бойындағы дамып келе жатқан келешегі мол ауданда, «Апорт» ірі сауда-ойын-сауық моллына қарама-қарсы орналасқан.
Толық ақпарат алу үшін сұранысты толтырыңыз

Бірінші кезек құрылысының аяқталу мерзімі - 2018 жылдың маусым айы.

9 қабатты үйлердің құрылысы ғимараттарды салудың қазіргі заманғы технологияларымен тұрғызылуда. Бұл құрылыстың қарқынын күшейтіп, сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Құрылыстың инновациялық технологиясы пәтерлерді әрлеу барысында қабырғалар мен төбелерді қосымша тегістеуді қажет етпейді. "НҰРЛЫ ДАЛА" тұрғындарының жайлылығы үшін аумақта балабақша мен заманауи стадион орын тебеді, ал, үйлердің бірінші қабаттарында инфрақұрылымды дамытуға арналған жайлар қарастырылған. "НҰРЛЫ ДАЛА"  тұрғын үй кешенінің 1, 2, 3 бөлмелі пәтерлері сонда келешекте тұратын отбасыларының қажеттіліктері, өмір сүрудің қазіргі заманғы стандарттары ескеріле отырып және тек сапалы техникалық шешімдер қолданыла отырып жасалған. Металл пластик терезелер пайдаланылуда. Кіреберіс есіктері металлдан жасалған.

 Тұрғын үй кешенінің тиімді қызмет көрсетуі мен сапалы инженерлік-сервистік қызмет көрсетуді жеке ПИК қамтамасыз ететін болады. Кешеннің технологиялық жарақтандырылуы мен заманауи жүйелер тұрғындардың өз баспаналарын ұстауға жұмсалатын шығынын қадағалауына мүмкіндік береді.