MILLENNIUM PARK тұрғын үй кешені

Орналасуы:
Астана, Қазақстан
Жалпы алаңы:
173 000 м2
Пайдалануға берілді:
2014-2015 жылдар
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Тұрғын үй кешені

Millennium Park  тұрғын үй кешені Астанада, Қазақстанның басты алаңы – Тәуелсіздік алаңында бой көтерген. Ол Сулы-жасыл желекті жолдың жалғасы болып табылатын, Мыңжылдық аллеясының бірінші қатарында салынып жатыр.

Кешен терезесінен Тәуелсіздік алаңына, «Қазақ Елі» монументіне, «Шабыт» шығармашылық сарайына, Тәуелсіздік сарайына, Қазақстан тарихы мұражайына, Бейбітшілік пен ынтымақтастық Сарайына, «Хазрет Султан» мешітіне ғажайып көрініс ашылады.  Кешеннің шығыс жағында көп ұзамай жаңа жасыл желекті саябақ бой көтермек.  Millennium Park – қала құраушы объект, ол аумағы 10 га жерді алып жатыр. Архитектуралық туынды ішіне 10 көпқабатты тұрғын үйлер, офистік бөлімшелер және сауда, ойын-сауық орталықтары кіреді. Millennium Park жобасын «Базис» Жобалау институтымен бірлесе отырып ең үздік архитекторлар құрастырған. Архитекторлардың шығармашылық ынтымақтастығы жоба тұжырымдамасының барлық құрамдас бөліктерінің мұқият ойластырылуына мүмкіндік туғызды.

Millennium Park архитектурасы айрықша құрылымды, мінсіз стильді және де сондай әсем қарапайымдылықпен орындалған. Бұл жобада заманауи архитектура Шығыс салтанатымен ұштастырылған. Заңғар биік, аспанға қол созғандай етіп салынған үйлердің төбесі шығыс оюымен әшекейленгендей етіп безендірілген.