«ЛЕГЕНДА» ерекше орамы

Орналасуы:
Алматы, Қазақстан
Жалпы алаңы:
155 000 м2
Пайдалануға берілді:
2018

«ЛЕГЕНДА» ерекше орамы Абай даңғылының бойында Манас пен Мирзоян көшелерінің ортасында, кез-келген алматылық үшін «тещин язык» деген атпен белгілі аты аңызға айналған ауданға жақын маңда орын тепкен. Бұл – бүгінде мегаполистің ең серпінді ауданына айналған «көне» Алматының жүрегі.

АҢЫЗҒА АЙНАЛАР АДАМ АЙТҚЫСЫЗ АРХИТЕКТУРА!

«ЛЕГЕНДА» ерекше орамының архитектурасы – «нео-классицизмнің» «заманауи стильмен» стильденуі. Үйлерге сыртқы эстетикалық және ерекше әр беретін ірі декоративті панельдері бар стильді дизайн, шынының молдығы, қасбеттің табиғи кірпішпен қапталуы – «ЛЕГЕНДАның» негізгі архитектуралық өзгешеліктері міне, осылар. Ал адам нанғысыз саябақты қоршау – енді сіздің күнделікті өміріңіздің бөлінбейтін бөлшегі! Стильді ландшафтты дизайн, «шексіз» субұрқақтар, бірегей мүсіндер, серуендеу аллеялары, жүгіру және велосипед жолдары, спорттық және ойын алаңдары – бұлар «ЛЕГЕНДА» ерекше орамы аумағында Сізге арнап жасалып жатқан әсемдіктің тек аз ғана бөлігі.

«ЛЕГЕНДА» тұрғын ауданының аулалары ерекше эстетикаға ие. Олардың архитектуралық-көркемдік шешімдері тақырып жағынан тек «ЛЕГЕНДА» архитектурасымен ғана емес, сонымен қатар аула сонда тұратындар үшін жиналатын орын саналатын Алматының мәдени-тарихи дәстүрлерімен де байланысты. Кеңістіктің ұйымдастырылуын мұнда көбіне әдеттегі қалалық аула немесе заманауи балалар алаңы емес, уақытты тамаша өткізгісі келетіндердің әрқайсысына арналған толыққанды саябақ еске түсіреді.

ЖАЙЛЫЛЫҚ АУМАҒЫ

«ЛЕГЕНДА» орамының аумағы 38 м2 мен 120 м2 аралығындағы 1, 2, 3, 4 бөлмелі апартаменттері сапалы техникалық шешімдер қолданыла отырып өмір сүрудің заманауи стандарттары ескеріліп жасалған. Технологиялық жарақтандырылуы мен заманауи жүйелер баспанаңызды пайдалануға жұмсалатын шығынды бақылауға мүмкіндік береді. Орамның тиімді қызметі мен сапалы инженерлік-сервистік қызмет көрсетуін өзін жақсы жағынан танытқан ғимараттарға қызмет көрсету мекемесі қамтамасыз ететін болады. Көпдеңгейлі қауіпсіздік жүйесі «ЛЕГЕНДА» орамының тұрғындары мен қонақтарына өздерін қауіпсіз сезінуге, отбасының амандығы мен дүниелерінің бүтіндігіне сенімді болуына мүмкіндік береді.

Автоәуесқойлар үшін «ЛЕГЕНДАда» кең жерасты паркигнгтері, қонақтар үшін даладағы паркингте тұрақ орындары қарастырылған.