REMIZOVKA тұрғын үй кешені

Орналасуы:
Алматы, Қазақстан
Жалпы алаңы:
46 000 м2
Қозғалмайтын мүлік түрі:
тұрғын үй кешені

Қазіргі заманғы REMIZOVKA тұрғын үй кешені Алматының ең айтулы ауданында Әл-Фараби даңғылынан бес минуттық жерде орналасқан.

REMIZOVKA – бұл табиғат аясында өмір сүрудің қалалық үлгісі – Іле Алатауының әсем көрінісі, тау бөктерінің таза ауасы, солай бола тұра астананың іскерлік орталығына жақын орналасуы. Маңында Haileybury School Almaty, Esentai Mall СОО, Villa dei Fiori бутиктер мен мейрамханалар кешені, VilvetSportVilla спорт клубы, Holliday Resort A-Club қала сыртындағы клубы орын тепкен.

Ортақ дизайнерлік және инженерлік тұжырымдамамен біріктірілген үйлер қоршаған ортаға мінсіз үйлестірілген. Әр үйде небәрі 18 пәтер бар. Пәтерлердің әрқайсысында террасалар мен панорамалық терезелер қарастырылған.

 Жоба бойына экологиялық стильдің барлық ерекшеліктерін сіңірген. Құрылыс кезінде дыбыстан және шудан оқшаулаудың жоғары стандарттары, инновациялық энергиялық тиімді шешімдер қолданылды.

REMIZOVKA-тің комьюнити-орталығында жабық бассейні бар SPA-аймақ, қазіргі заманғы жаттығу құралдары қойылған фитнес-орталық және мерекелер өткізуге арналған зал орналасқан. REMIZOVKA тұрғындарының балаларына жеке балалар бақшасы қарастырылған.

Аумақты абаттандыру барысында энергия үнемдегіш жарықтандыру, ландшафтты авторлық дизайн, жылытылатын жерасты паркингі секілді әрбір деталь мұқият ойластырылған.

REMIZOVKA тұрғын үй кешенінен аумағы 73м2-ден басталатын пәтерлер таңдауға болады.