Оқушылар шығармашылығының сарайы

Орналасуы:
Астана, Қазақстан
Жалпы алаңы:
46 943 м2
Пайдалануға берілді:
2012 жыл
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Мәдени және спорт кешені

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тапсырмасы бойынша салынған Оқушылар шығармашылығының сарайын, біздің компания небары 6 айдың ішінде тұрғызған еді.  Соның өзінде құрылыстың жоғары сапалы екендігі күмәнсіз. Бұның дәлелі, аталмыш айрықша арихитектуралық жоба «Хрустальный Дедал» архитектура саласындағы Ресейдің ұлттық сыйлығының Гран-приімен марапатталғандығы болып табылады. 

Бұл күрделі, төрт қабатты, көз тартарлық архитектура туындысы 8,3 га жер көлемін алып жатыр және де оның 46 943 м² жай-күйі бар. Кешеннің бірінші қабатында жеңіл атлетикалық манеж, екі жаттығу залы, суға түсуге арналған бассейн, мұз айдыны, көрермендерге арналған залы кең теарт, асхана, әкімшілік және техникалық жай-күйлер орналасқан.  Екінші қабатта көрме залы, интернет-орталық, медиатека және кітапхана бар. Ал үшінші қабатта баскетбол ойнайтын зал, теннис ойнайтын залдар, оркестр, би, хор және драма ұйымдарына арналған даярлық залдар, сондай-ақ дәрігерлік орталық орналастырылған.   Төртінші қабатта 170 орындық планетарий, көпқызметті амфитеатр, хореаграфия залы, музыкалық сыныптар, көркем өнер, театр студиялары, жаратылыстану ғылымдарын зерттеуге арналған зертхана, видео және фотостудиялар орналастырылған.