Орналасуы:
Астана, Қазақстан
Жалпы алаңы:
113 000 м2
Пайдалануға берілді:
2006 жыл
Қозғалмайтын мүлік түрі:
Тұрғын үй кешені

«Астана салтанаты» тұрғын үй кешені Қазақстан астанасының ең үздік архитектуралық жобаларының ішінде алғашқы орындардың бірін алып отыр. Бұл кешеннің айырықша белгілері – асқақтылығы мен айбындылығы, қуаты мен қайталанбастығы болып табылады.  39-қабатты «Астана салтанаты» тұрғын үй кешенінің көздің жауын алатын бейнесі қаланың кез-келген бөлігінен көрініп тұрады деуге болады. Ғимараттың 37-ші және 39-шы  қабаттарында бүкіл қаланы тамашалауға мүмкіндік беретін бақылау алаңдары орналастырылған.

Бұл кешеннің Қазақстан үшін айырықша болатындығы, оның архитектурасына ғана емес, сондай-ақ оның инфрақұрылымдық толықтыруларына да байланысты. Аталмыш кешеннің инфрақұрылымында төмендегілер қарастырылған: отбасылық мерекелерді өткізуге арналған зал, мини-маркеттер, бутиктар, мейрамханасы бар қонақүй.   «Астана салтанатының» мақтанышы - жаттығу залы бар спорт орталығы мен кешеннің жеке бір бөлігін алып жатқан 25-метрлік бассейні болып табылады.